1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы. К. А. Саркенова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу 1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы - К. А. Саркенова страница 15

Название: 1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы

Автор: К. А. Саркенова

Издательство: КазНУ

Жанр: История

Серия:

isbn: 9965-29-641-3

isbn:

СКАЧАТЬ Вып.3. – С. 6 – 7.

      2. Донич А.Н. Народонаселение Казахстана. – Кзыл-Орда, 1928. – С. 4.

      3. Материалы по районированию Казахстана. – Кзыл-Орда, 1928. – С. 38.

      4. Календарь-справочник и записная книжка на 1927 год. – Кзыл-Орда, 1927. – С. 30 – 31.

      Кестенің жалғасы:

21-сызбанын-жалгасы

      Сонымен, 1926 жылғы санақ деректері бойынша, Қазақ АКСР-інің халқы шамамен 6 507 077 адамды құрады.

      ә) Ауыл және қала халқы

      6 507 077 адамның 5 967 898-і ауылда, 539 249-ы қала мен қала типіндегі қоныстарда тұрды. Қазақ АКСР-інің отырықшы халқының қоныстануының дүниежүзінен аса айырмашылығы болған жоқ. Дегенмен, көшпелі қазақ халқының қоныстануында өзіне тән кейбір өзгешеліктер кездесті:

      1) ру басшылары екінші немесе үшінші аталары жағынан келетін екі-бес көшпелі мал шаруашылықтары бірігіп, көшпелі топты немесе малшы ауылды құрады. Шаруашылық жағынан бұл шаруашылыққа қолайлы еді.

      2) жақын туыс болмағанмен бір руға жататын ағайындар шаруашылықтың тиімділігі үшін екі-үш-бес малшы ауылды біріктіріп, бір шаруа ауыл құрған. Бірнеше шаруа ауылы біріктіріліп, бір әкімшілік ауыл деп есептелді, сонымен қатар барлық шаруа ауылдары ортақ бір ауылдық кеңеске қарады. Республиканың таза көшпелі халқы (Адай округі) үшін жергілікті пункт осындай малшы ауылдар болды. Уақытының көп бөлігін қыстауларда өткізетін жартылай көшпелі халыққа күз – қыс айларында шаруашылық ауыл, ал көктем – жаз айларында малшы ауылдары тұрғылықты пунктке айналды. 1926 жылдың санағының алғашқы жарияланған қорытындылары бойынша, Қазақ АКСР-інде 77 249 тұрғылықты пункт, оның 8 447-сі кәдімгі, ал 68 802-сі көшпелі малшы және жартылай көшпелі шаруа ауылдары болды. Әрбір ауыл-қышлақ-село халқы тұрғындарына орташа 79-дан да төмен адамнан келді128.

      1928 жылдың 1 қазанында Қазақ АКСР-інде барлығы 3 888 ауылдық, қышлақ және селолық Кеңестер болды. Бір ауылдық кеңеске орташа 20 тұрғылықты пункт қарады129.

      Қала халқы. Алғашқы кеңестік санақтарда қала халқына әкімшілік тәртіппен бекітілген қала мен ауыл халқынан басқа ауыл шаруашылығымен айналыспайтын тұрғындар да жатқызылды. Мысалы, 1920 және 1923 жылдардағы санақтар бойынша қала халқына барлық губерниялар мен уездердің қалалары, қалалық, поселкелік кеңестері бар қоныстар, қала аумағына кірмейтін, бірақ қаламен экономикалық тығыз байланыстағы қала маңының тұрғындары; фабрикалар, зауыттар, станцалар жанындағы кенттер, саяжайлар (тұрғындары 500 адамнан кем болмаса); сауда және кәсіпшілікпен шұғылданатын, тұрғыны 2 мыңнан кем емес мекендердің халқы кірген еді. 1926 жылғы санақ бұрынғы бекітілген басты принциптерді сақтады, сонымен бірге статистикалық органдардың басшыларына қала типіндегі кенттердің тізімін жасауға рұқсат берілді. Оған ресми бекітілгендерден басқа төмендегі мекендер де енгізілді: 1) қоныстануы бойынша (фабрика-зауыт, станца, саяжай, сауда-өнеркәсіп ауылдары); 2) халықтың айналысатын кәсібіне қарай (халқының көп бөлігі ауылшаруашылығына қатысы жоқ кәсіппен шұғылданатындар); 3) халық саны бойынша (фабрика, зауыт, станца, саяжай, сауда-өнеркәсіптік ауылдардың халқы 2 мыңнан СКАЧАТЬ



<p>128</p>

Донич А.Н. Народонаселение Казахстана. – Кзыл-Орда, 1928. – С. 21.

<p>129</p>

Сонда.