1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы. К. А. Саркенова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу 1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы - К. А. Саркенова страница 11

Название: 1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы

Автор: К. А. Саркенова

Издательство: КазНУ

Жанр: История

Серия:

isbn: 9965-29-641-3

isbn:

СКАЧАТЬ Статистико-экономический обзор КССР. – Оренбург, 1923. – 99-б.

Сауаттылығы жағынан қала халқы, келімсектер мен қоныс аударғандар басымырақ болды, мысалы, 1920 жылғы санақ бойынша Қазақ АКСР-інде сауаттылығы жағынан бірінші орында латыштар, литвалықтар, чехтар мен словактар, мадьярлар тұрды (59,5 % және 95,0 % аралығы).

Қостанай губерниясында бірінші орынды еврейлер (43 % және 80,1 % аралығы), одан кейінгі орынды поляктар, немістер, орыстар (26,5 % және 30,2 % аралығы) және татарлар (кей губернияларда орыстардан да жоғары, мысалы, Қостанай губерниясында 34 %) алды. Қазақтар Орынбор губерниясында 9,9 %, ал

Орал губерниясында 0,1 % сауатты болды97.

Сонымен, 1920 жылдың 28 тамызында кеңестік алғашқы санақ, ал 1926 жылы Бүкілодақтық екінші санақ жүрді. Екі санақ аралығында іріктелген санақтар өтті, бірақ санақтың бұл түрі Қазақстанда тек 1922 жылдан басталды. Халық санын анықтаудағы ең қиыны – 1921 жыл. Егер 1920 жылғы санаққа жүгінсек, республика халқы 4 938 383 адам болды, бірақ бір жылдан кейін бұл өзгерді. Республикаға 1921 жылдың аштығы ауыр тиді. «Қазақ АКСР-індегі аштық шаруаларды отырған жерлерін тастап, қалаларға шоғырлануына алып келді. Олардың арасында эпидемия мен аурудан, аштықтан шетінеу көбейді»98, әрине, өлімнің көбеюіне шала тамақтану, оның салдарынан организмнің әлсіреуі, ауруға шалдығу, санитарлық-тұрмыстық жағдайдың нашарлауы, дәрігерлік көмектің, дәрі-дәрмектің жетіспеуі әсер етпей қойған жоқ. Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағатында бұл мәселеге қатысты деректер шоғыры сақталған99.

Құрғақшылық салдарынан туындаған аштықтан республика халқы жойылып кетудің сәл-ақ алдында қалды100. Адамдар тамақ орнына шөп тамырларын, өсімдік жапырақтарын жеді. Кейбір аудандарда олар ит, мысық тағы да басқа ұсақ жәндіктермен және қоймалардан ұрлап алынған терілермен қоректенді. Орал губерниясында, т.б. жерлерде адам етін жеу кездесті. Аштық жайлаған аудандарда ұрлық, кісі өлтіру қылмыстары белең алды, аштық салдарынан есінен адасу фактілері кездесті.

Жұт салдарынан бар малынан айрылған, нәтижесінде аштыққа ұшыраған даланың көшпелі қазақтары бүкіл отбасыларымен қыстауларда қырыла бастады. Аштыққа ұшырағандардың жалпы саны республикада 1 476 985 адам болды, оның 558 392-і балалар еді101. (1922 – 1923 жылдардың дерегі бойынша, республикадағы ашыққандардың ең жоғарғы көрсеткіші – 2 305 321 адам болған102). Олардың губерниялар бойынша таралуы: Орынборда – ересектері – 138 339, балалар – 209 671; Ақтөбеде – ересектері – 171 389, балалар – 134 000; Қостанайда – ересектері – 217 365, балалар – 96 935; Оралда – ересектері – 123 600, балалар – 103 500; Бөкейде – 100 000 адам; Адай уезінде – 75 000 адам; Семейде – 5 616 адам; Ақмолада – ересегі – 92 000, балалары – 9 670 болды103. Қазақстан бір жыл ішінде шамамен 1,4 млн. адамынан айрылды. Кейбір деректер бойынша республика халқы 1921 жылы 3 596 999104 адам, оның 3 208 900-і ауылда, ал 388 099-ы қалада тұрған. Жоғарыда атап кеткеніміздей, Қазақ АКСР-інде 1922 жылдан бастап іріктелген санақ басталды. Мақсаты – аз қаржы жұмсап, халық, мал басы, егістіктегі өзгерістерді есептеп, қорытынды шығару. Шығынды азайту мақсатында Бүкілресейлік статистика орталығы іріктеу санағына болыстық санақшыларды пайдалануды ұсынды, бірақ Қазақ СКАЧАТЬ

97

Статистико-экономический обзор КССР. – Оренбург, 1923. – С. 99 – 101.

98

Стенографический отчет 2-Всекиргизской концеренции РКП(б). 19 – 27 февраля 1922 г. – Оренбург, 1922. – С. 73.

99

Обращение ЦК РКП(б) к продовольственникам. – Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты. 139-қ., 1-т., 37-іс, 10-п.; Сведения о голодающих губерниях КССР.– Сонда, 139-қ., 1-т., 336-іс, 19 – 20-п.; КССР. Центральная комиссия по оказанию помощи голодающими населению при КирЦИК. – Сонда, 16 – 18-п.; Краткий отчет о работе ЦК ПГ при КЦИК и положение голодающих губерний КССР за июль 1922 г. – Сонда, 29 – 41-п.

100

Закрытые письма секретарей губкомов РКП(б) (Кустанайского, Акмолинского, Актюбинского, Оренбургского, Уральского, Букеевского, Семипалатинского). – Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты. 139-қ., 1-т., 363-іс, 63 п.; Протоколы, докладные комиссии помощи голодающим при КирЦик-е. – Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты. 139-қ., 1-т., 336-іс.

101

Стенографический отчет 2-Всекиргизской концеренции РКП(б). 19 – 27 февраля 1922 г. – Оренбург, 1922. – С. 75.

102

План работ ЦК ПомГол при КЦИК на 1922 – 1923 гг. – Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты. 139-қ., 1-т., 336-іс, 45 – 46-п.

103

Стенографический отчет 2-Всекиргизской концеренции РКП(б). 19 – 27 февраля 1922 г. – Оренбург, 1922. – С. 75.

104

Сборник статистических сведений о движении населения, скота и урожаев в КазАССР с 1880 – 1922 гг. Таблицы. – Оренбург, 1925. – С. 18 – 19.