1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы. К. А. Саркенова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу 1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы - К. А. Саркенова страница 19

Название: 1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы

Автор: К. А. Саркенова

Издательство: КазНУ

Жанр: История

Серия:

isbn: 9965-29-641-3

isbn:

СКАЧАТЬ Қырғыз, Өзбек республикалары халқының санында орташадан жоғары өсу қарқыны бар, яғни КСРО-ның басқа аудандарынан осы аудандардағы жаңа құрылыстарға мигранттар ағылған.

2. Алшақтықтың екінші себебін 1926 жылдың халық санағынан іздеу керек…

Халық және Денсаулық сақтау бөлімі бастығының орынбасары Курман»148.

Бұл өте ауыр кезең, яғни жаңа экономикалық саясатқа, қала мен селодағы ауқатты адамдарға теріс қараушылық, ауылшаруашылық тауарлылығының төмендеп, шаруашылықтардың ірілендірудің басы болды. Ұжымдастырудың басталуымен жағдай одан әрі қиындады. Жаңа экономикалық саясаттың орнына азық-түлік салығы келді. Өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, транспорт саласында еңбек өнімділігі азайды. Өкіметке қарсы наразылық белең алып, стихиялық ереуілдер жүрді149. Қарсылықтар қатал жазаланды. Селодан қалаға, жаңадан пайда болған өнеркәсіп аудандарына жапппай қоныс аудару, онда еңбек, денсаулықты қорғау ережелерінің сақталмауы, өмір сүру деңгейінің төмендеуі салдарынан аштық туды; демографиялық ахуалдың әлсіреуінен туу, азаматтық некеге отыру төмендеді; ашығудан өлім-жетім көбейді, тойып тамақ ішпеуден эпидемия туындап, балалардың өлімі көбейді, панасыз балалардың қалалар мен теміржол станцаларында шоғырлануы жиіледі. Қазақ органдарының есептеуінше 1932 жылы 50 мың бала қамқорсыз қалған. Т.Рысқұловтың хатында «балалар үйлері лық толы, балалар өлімі жиі болуда» делінген. Мысалы, Семей ауданындағы комиссия тексеруі барысында үй асты қабатынан көлік тапшылығынан уақытында алынбаған 20 баланың өлігі табылған. Торғайдағы Ақтөбе Қызыл Крест отрядының қазақ балалары туралы баяндамасынан келтірілген Т.Рысқұловтың үзіндісінде: «Ең ауыр жағдайға душар болған – балалар. Төрт жасқа дейінгі панасыздар түгелге жуық өлген». «Қаңтарда Қызылорда қаласында 450 панасыз бала шоғырланған. Тек Аягөз станцасында 300 бала жиналған…», – делінген150.

Бірақ 1931 – 1934 жылдардағы үкімет орындарына жолданған телеграмма, көмек сұраған хаттардың бірде-бірінде «аштық» деген сөз кездеспейді151, аштық және оның зардаптарымен күресу туралы арнайы үкімет органдары құрылмаған. «Индустрияландыру саясатын іске асыру жолында ұжымшарлардан астықтың тартылып алынуы, ұжымшар құрудағы өктемшілдік, әсіресе, аштықтың болуы ақылға симайды. 1932 – 1933 жылдардағы аштық сталиндік басшылықтың кеңес халқына қарсы жүргізген қылмысы деп бағалануы тиіс»152.

Зорлап ұжымдастырудан зардап шеккен көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтардың жағдайы жоспарлы отырықшыландыру барысында одан әрі шиеленісті. Мал басын дайындау ауылда «әскери коммунизм» кезіндегідей төтенше сипат алды153.. БКП(б) Қазақ Өлкелік комитетінің Бюросы арнайы қаулы қабылдады. Онда: «Өлкелік комитет жеке аудандар мен қызметкерлерді жоспарды орындамағаны және елді индустриаландыруға қажетті мал өнімін даярлауда мал басын қысқартқаны, өндіріс қажеттілігіне оны сақтап қалу керек деген сылтаумен дайындау қарқынын бәсеңдеткені СКАЧАТЬ

148

Социс. 1990. № 6. – С. 22-23.

149

Партийная жизнь Казахстана. 1990. № 6. – С. 89.

150

ВИ. 1989. № 7. – С. 70 – 71; Казақстан коммунисі. 1990. № 7. – 47 – 48-б.

151

РГАЭ. Ф. 1562. О. 1. Д. 668. ЛЛ. 71, 72, 72а; Сообщения политсектора МТС Казахстана // РЦХИДНИ. Ф. 112. О. 47. Д. 7. ЛЛ. 281 – 283).

152

Данилов В.П. Коллективизация сельского хозяйства // Коллективизация сельского хозяйства в республиках Средней Азии и Казахстана: опыт и проблемы… – С. 65.

153

Итоги скотозаготовок за январь и февраль месяц; Итоги выполнения постановления декабрьского пленума ЦК и ЦКК о скотозаготовках и мясоотгрузках (проверка выполнения пост. Бюро Крайкома от 23/1). – Қазақстан Республикасы Президентінің мұрағаты. 141-қ., 1-т., 3820а-іс, 6 – 7-п.; 51 – 54-п.