1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы. К. А. Саркенова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу 1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы - К. А. Саркенова страница 10

Название: 1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы

Автор: К. А. Саркенова

Издательство: КазНУ

Жанр: История

Серия:

isbn: 9965-29-641-3

isbn:

СКАЧАТЬ халық саны төмендегідей болды:

      Дерек: Статистико-экономический обзор КССР. – Оренбург, 1923. – С. 64.

      Сонымен, 1920 жылдың санақтары бойынша Қазақ АКСР-інің халық саны 4 938 383 адамды (әскери бөлімдерді есепке алмағанда) құрады.

      Қазақ АКСР халқының тарихын талдауда алдымен, халықтың орналасу тығыздығына тоқталамыз. Халықтың тығыздығы – сол жердің халқының қандай кәсіппен айналысуының басты көрсеткіші. Қазақ АКСР жалпы экстенсивті мал шаруашылықты және әртүрлі дамудағы тыңайған – ауыстырмалы жүйедегі егістік жерлерден құралды. Республикада орналасу тығыздығы жоғары уездер қатарына Орынбор (бір кв. верстке 20,9 адам) және Каширск (25,9), ал тығыздығы төменге Шалқар (0,7 адам), Торғай (0,6) және Адай уездері (0,3) жатты.

      Қазақ АКСР-і бойынша халықтың тығыздығы орташа есеппен бір кв верстке 2,5 адамнан келді. 1920 жылдың санақтары бойынша Қазақ АКСР-інің орналасу тығыздығы мынадай болды:

      Дерек: Статистико-экономический обзор КССР. – Оренбург, 1923. – С. 68-69.

      Республика халқының қала мен ауылда орналасуы төмендегідей болды:

      Дерек: Статистико-экономический обзор КССР. – Оренбург, 1923. – С. 72.

      Қазақ АКСР бойынша қала халқы 8,3 %-ды құрады. Қала халқы сан жағынан Орынборда (172 786 адам), Оралда (51 315 адам) және Семейде (96 519 адам) басым болды92.

      Халықтың жас/жыныстық құрамы 1920 жылдың деректері бойынша 100 адамға төмендегіше келді:

      Дерек: Статистико-экономический обзор КССР. – Оренбург, 1923. – С. 72.

      Торғай мен Адай уездерін есептемегенде, қалалардағы әйелдердің саны басым болды:

      Орыстар мен татарлар шоғырланған қалаларда әйелдер, ал қазақтары көп қалаларда еркектер көбірек болды.

      Ауыл халқы арасында әйелдері басым губерниялар:

      Ал керісінше, еркектердің басымдығы мына губерниялардан байқалды:

      Статистика ғылымы әйелдердің еркектерден сан жағынан басым болуын еркектердің әйелдерге қарағанда, қауіп-қатерге жақындығымен түсіндіреді.

      1920 жылғы санақ бойынша 14 және оған дейінгі, 60 және одан жоғарғылар еңбекке жарамсыз, ал 15 пен 19, 50 мен 59 аралығындағылар жартылай еңбекке жарамды, ал 20 мен 49 аралығындағылар еңбекке жарамды деп танылған. 1920 жылғы санақ бойынша Қазақ АКСР-інде 34,1 % еркек пен әйел (қалада – 38,1 %, ауылда – 33,7 %) еңбекке жарамды; ал халықтың 15,6 %– ы – жартылай жарамды (қалада – 16,9 %, ауылда – 15,4 %) деп танылды. Егер бұл категорияны еңбекке жарамды деп танысақ, онда Қазақ АКСР-і үшін соңғысы халықтың 41,9 %-ын құраған93.

      Сонымен, әрбір 1000 тұрғынның 419 адамы еңбек жасында, ал осы 419 адамның еңбегімен күн көретіні, яғни 581-і – еңбекке жарамсыз деп табылды.

      Қазақ АКСР халқының СКАЧАТЬ



<p>92</p>

Предварительные итоги переписи населения 28 августа 1920 г. Труды ЦСУ. – М., 1921. Т. 1. Вып. 2. – С. 11 – 13; 15 – 17.

<p>93</p>

Предварительные итоги переписи населения 28 августа 1920 г. Труды ЦСУ. – М., 1921. Т. 1. Вып. 2. – С. 74 – 75.