1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы. К. А. Саркенова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу 1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы - К. А. Саркенова страница 14

Название: 1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы

Автор: К. А. Саркенова

Издательство: КазНУ

Жанр: История

Серия:

isbn: 9965-29-641-3

isbn:

СКАЧАТЬ аумағы орташа жарты миллион кв км-ден асты. Орташа 60 – 80 мың кв. км-ді алатын, 150 мың халқы бар уезд де ауқымды болды. Болыстардың қөлемі 10 мың кв км-ден кем болған жоқ. Нәтижесінде губерниялар, уездер мен болыстардың арақашықтығы 500 км-ден асты. Республикадағы байланыс құрылымы да әлсіз болды120. 1927 жылдан Кеңес Одағының, одақтас республикаларында әкімшілік-аумақтық аудандарға қайта бөлулер басталды. Қазақстанда 13 округ, 180 аудан құрылды. Орал округі құрамына 15 аудан, Гурьевке – 6 аудан, Адай жерінде – 5 аудан, Ақтөбеге – 14 аудан, Қостанайға – 15 аудан, Қызылжарға – 21 аудан, Ақмолаға – 15 аудан, Сырдарияға – 21 аудан, Қызылордаға – 8 аудан, Павлодарға – 9 аудан, Семейге – 23 аудан, Қарқаралыға – 7 аудан, Алматы округіне – 21 аудан қарады121.

Жеке округтер мен аудандардың ұлттық-тұрмыстық, табиғи-географиялық және шаруашылық ерекшеліктерін зерттеу жұмыстары жалғаса берді. Қазақстан округтері мен аудандарының ұзақ уақыттан зерттеліп келе жатқан табиғаты, тарихы, шаруашылық-экономикалық, ұлттық ерекшеліктері округ және аудандар бойынша егжей-тегжейлі сипатталды122. Нәтижесінде 1928 жылдың 13 наурызында және 15 мамырында Қазақстан ОАК-нің Төралқасы қаулыларымен республика округтері мен аудандарының шекараларына өзгерістер енгізілді. 1928 жылдың мамыры басында 6-шақырылған Қазақстан ОАК-нің 3-сессиясы бұл өзгерістерді бекітті және Қазақстан ОАК Төралқасына Республиканың әкімшілік-аумақтық аудандастыру жобасын Бүкілодақтық ОАК Төралқасына бекітуге ұсынуды және оны іске асыруды тапсырды. 1928 жылдың 3 қырқүйегінде РКФСР ОАК Төралқасы республиканың жаңа аудандарын бекітті123. Одан сәл бұрын, 1928 жылдың 12 маусымында КСРО БОАК Төралқасы Қарақалпақ автономиялық облысының және Қазақ АКСР-інің тоғыз округінің аудандастыру жобасын бекіткен еді. Орал, Гурьев және Семей округтерін аудандау мәселесі Қазақстан ОАК мен ХКК-не қосымша талқылауға ұсынылды124. Сонымен, бұрынғы 1 автономиялы облыс, 6 губерния, 2 округ, 31 уезд және 411 болыстың орнына енді 13 округ және 180 аудан құрылды. 10 ауданға бөлінген Қарақалпақ автономиялық облысы сақталды125.

1929 жылы көктемде ауылдық, селолық, қыстаулық және қалалық Кеңестерге сайлау, сонымен қатар жаңадан құрылған Қазақстанның округтері мен аудандары Кеңестерінің съездері өтті.

1932 жылдың қаңтарында БКП(б) ОК Қазақстанда алты облыс құру туралы шешім шығарды126. Қазақстан ОАК 8-шақырылымының 2-сессиясы 1932 жылдың ақпанында Қазақстан аумағында Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Батыс Қазақстан және Алматы облыстары құрылғанын мәлімдеді. Қазақстанның әр облысына орта есеппен белгілі бір экономикалық мақсаты және шаруашылық бағыты бар, географиялық орналасуы ескерілген 17–20 әкімшілік аудан қарады. Қазақстан облыстарында жаңа қалалар мен кенттердің пайда болуы әрі бұрынғыларының дамуы нәтижесінде жаңа әкімшілік-аймақтар, оның ішінде аудандар да құрылды. Кейін 1932 жылы облыстар ірілендірілді. Сонымен облыстардың пайда болуымен республиканың әкімшілік-аумақтық қайта құруларындағы ауқымды жұмыс СКАЧАТЬ

120

Справочник по административно-территориальному делению Казахстана (август 1920 – декабрь 1936 г.). – С. 176.

121

Сонда, 179-б.

122

Материалы по районированию Казахстана. В 2-х т. – Кзыл-Орда, 1928. Т. 2. Общая часть, описание округов и характеристики районов.

123

Собрание узаконений и распоряжений Рабоче-крестьянского правительства РСФСР. 12 октября 1928 г. № 118. Отдел І. Ст. 743. – С. 1586 – 1589.

124

Справочник по административно-территориальному делению Казахстана. – С. 180.

125

Сонда

126

РЦХИДНИ. Ф. 17. О. 25. Д. 75. Л. 4.