1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы. К. А. Саркенова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу 1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы - К. А. Саркенова страница 13

Название: 1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы

Автор: К. А. Саркенова

Издательство: КазНУ

Жанр: История

Серия:

isbn: 9965-29-641-3

isbn:

СКАЧАТЬ адам), чехтар мен словактар (117 адам) кірді. Орта Азия халықтары өкілдерінен сарттарды (876 адам), бұқарлықтарды (415 адам) атауға болады. Соңғы «басқа ұлт өкілдері тобына» 20 халық өкілі мен санақ кезінде ұлты белгісіз болған 200 адам жатты. «Басқа ұлт өкілдері» ішінен саны жағынан башқұрттар (393 адам), сығандар (264 адам), чуваштар (112 адам), қытайлар (121 адам), парсылар (82 адам), түріктер (59 адам), кәрістер (52 адам) болды. Қалған ұлт өкілдері бірлі-жарымды (оның ішінде египеттік феллагтар да кездесті)117 құрады.

      Санақ материалдары бойынша Қазақ АКСР-інде қала халқы ішінде қазақтардың үлесі өте аз (8,8 %). Бірақ қазақтардың үлесі әр губернияларда әртүрлі болды. Қостанай мен Орынборда 1,7 %-дан 1,1 %-ға дейін төмен, Семейде – 15 %-ға, Бөкейде – 35,7 %-ға, Торғайда – 57,2 %, ал Адай уезінде, тіпті, одан да жоғары болса, ал Ақтөбе, Ақмола, Орал губернияларында қазақтардың үлесі орташаға жақындады.

      Қазақ АКСР-інің қала халқының ішінде 1920 ж. мен 1923 ж. санақтары аралығында қазақтар 1,6 %-ға өскен (7,2 %-дан 8,8 %– ға дейін). Бұл көрсеткіш Орынбор, Ақмола, Орал, Қостанай (1,1 %-дан 2,6 %-ға дейін) губернияларында шамалы ғана болса, ал Бөкей губерниясында (18,6 %), Торғай уезінде (33,9 %) біршама жоғары көтерілген. Керісінше, Ақтөбе мен Семей губернияларында қалалық қазақтардың үлесі азайған (1,3 %-дан 0,7 %-ға дейін)118 азайған.

      Енді қысқаша 1924 – 1925 жылдардың мәліметтеріне тоқталайық. Қазақстан халқы 1923 жылмен салыстырғанда, 1924 ж.

      336 420 адамға, ал 1925 ж. – 1 863 282 адамға көбейген119.

      1924 – 1925 жылдардағы халықтың санын, орналасуын, жыныстық құрамын губерниялар бойынша төмендегіше сипаттауға болады:

18-19-сызба20-сызба

      Деректер: 1. Обзор народного хозяйства Киргизской АССР. 1924 г. – С. 4 – 7. 2.Обзор народного хозяйства Казахской АССР. 1925 г. – С. 4 – 7.

      1.4. 1926 жылғы санақ: әкімшілік-аумақтық бөлудегі, халықтың санындағы, орналасуындағы және ұлттық құрамындағы болған өзгерістер

      1926 жылы 17 желтоқсанда жүргізілген Бүкілодақтық халық санағы, кейін ешбір санақта қайталанбаған ерекше құбылыс болды. Ол «Қысқа қорытындылар» және «Алдын ала берілген мағлұматтар» атты көп томдық болып шықты. Бұл Кеңес Одағы аумағын түгел қамтыған тұңғыш санақ еді, санақта КСРО аумағында болған өзгерістер, яғни Одақтың құрамына жеке республикалар мен облыстардың алынуы немесе Финляндия, Балтық бойы, Польша елдерінің шығуы көрсетілді.

      1926 жылғы санақ бағдарламасы 1920 жылы жүрген бірінші кеңестік санақ, 1923 жылғы қалалық санақ тәжірибелеріне сүйенді әрі ол санақтармен белгілі бір сабақтастық сақталды. 1926 жылғы санақтың статистикалық құралы: 1) жеке парақ 2) отбасылық карта 3) меншік иелігі туралы ведомость, 4) үй қожайындары тұрағының тізімі сияқты төрт формулярдан тұрды.

      Жеке парақ 15 сұрақты қамтыды, онда тағы қосымша сұрақтар болды. Негізінен 1920 жылдың санақ сұрақтары қайталанды, қосылғаны жұмыссыздық туралы еді, бірақ 1926 жылғы санақ бағдарламасына білім деңгейі, соғысқа қатысуы, еңбекке жарамдылығы туралы сұрақтар кірмеді. 1926 жылдың санағында 1920 жылдағыдай ауылшаруашылық саласындағы қызметі егжей-тегжейлі СКАЧАТЬ



<p>117</p>

Сонда, 55 – 56-б.

<p>118</p>

Сонда, 57-б.

<p>119</p>

Обзор народного хозяйства Киргизской АССР. 1924. – С. 4 – 7; Обзор народного хозяйства Казахской АССР. 1925. – С. 4 – 7.