1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы. К. А. Саркенова
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу 1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы - К. А. Саркенова страница 16

Название: 1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы

Автор: К. А. Саркенова

Издательство: КазНУ

Жанр: История

Серия:

isbn: 9965-29-641-3

isbn:

СКАЧАТЬ қала халқының 71,8 %-ын құрады. Қазақтардың қала халқындағы үлесі – 13,9 % ғана болды. Қазақтар Адай және Қарқаралы округтерінде ғана шоғырлана орналасты. Фортта қазақтар қала халқының 70,2 %-ын, Қарқаралыда – 73,4 %-ын құрады. Орал (87,7 %), Қостанай (73,7 %), Гурьев (74,3 %) қалаларының халқы бірыңғай орыстардан тұрды. Петропавл (69,6 %), Павлодар (61,8 %) қалаларының да жартысына жуығы орыстар еді. Қарақалпақстанның қала халқы аралас болды: 30,7 % – қарақалпақтар; 22 % – орыстар және 22 % – қазақтар; 15,1 % – өзбектер. Семей, Ақтөбе қалаларында орыстар басым келді, одан кейінгі орындарды татарлар, украиндар, қазақтар иеленді. Ақмола, Алматы, Қызылорда округтерінде ұлттар аралас шоғырланды. Бұл округтердің қалаларында қазақтар сан жағынан екінші орында, ал Алматы округінің қалаларында екінші орында таранчалар (ұйғырлар) тұрды. Сырдария округінің қалаларында халық: өзбек – 44,4 %, орыс – 29,4 %, қазақ – 15,3%132 орналасты.

б) халықтың орналасу тығыздығы

Біз қарастырып отырған кезеңде 1 км2-ге жалпы Кеңес Одағында – 6,86 адам; КСРО-да (Қазақ АКСР-ін қоспағанда) – 7,62 адам; КСРО-ның еуропалық бөлігінде – 23,0 адам; КСРО-ның азиялық бөлігінде – 1,6 адам; жалпы Қазақ АКСР-інде – 2,17 адам; Қазақ АКСР-інің ауылдық жерлерінде – 2,02 адам; Якутияда – 0,071 адамнан келді133. Орталық Қазақстан, Қарақалпақстан, Қарқаралы, Адай, Балқаш өңірінің шөл және шөлейт аймақтарында халықтың орналасу тығыздығы өте төмен болды. Суармалы аудандарда, керісінше, халық тығыз орналасты (1 км2-ге 400 адамнан)134. Бұл уақытта төмендегі миграциялық сальдо қалыптасты. КСРО-ның еуропалық аймақтарынан келген мигранттар республиканың тәлімді егін шаруашылықты аудандарына орналасты. Мысалы, жаңадан келгендердің 15 %-ы – Қостанай, 40 %-дан төмені – Ақмола және Ақтөбе округтеріне, 24 %-ы – Семей округіне қоныстанды. Қазақстанның бұндай орманды дала және далалы аймақтары мигранттарға табиғаты жағынан қолайлы болды әрі олар этникалық жағынан өздеріне жақын ортаға түсті135. Мигранттар егін, жер өңдеу, техникалық мәдени дақылдар өсіру, бау-бақша, жүзім шаруашылықтарымен айналысты. Мал шаруашылықты аудандар мигранттар үшін тартымды болмады, сондықтан Адай уезінде жағымсыз миграциялық сальдо қалыптасты. Шаруалардың ағылып келуі ауыл шаруашылығына, әсіресе, егін даласының дамуына жақсы ықпал етті. Бірақ 20-жылдары Қазақстан КСРО-ның шығыс аудандарға қоныс аудару жүйесіне әлі кірмеді.

в) жас/жыныс құрамы

Қазақтардың ауыл-село халқы құрамында еркектер басым болды: бір жасқа дейінгілер арасында – еркек – 54 441, әйел – 49 611; 8 – 12 жас аралығында – 173 344 еркек, 152 566 әйел; 13 – 18 жас аралығында – 243 364 еркек, 185 943 әйел; 30 – 39 жас аралығында – 293 510 еркек, 265 247 әйел; 55 – 59 жас аралығында – 64 927 еркек, 47 306 әйел кездесті136. «Басқалары», оның ішінде еуропалықтар басым бөлігінде жағдай басқаша қалыптасты: орыстар арасында 19 – 25 жас аралығына – 61 859 еркек, 70 699 әйел; украиндарда 19 – 25 жастағыларына 52 252 еркек, 54 545 әйел; орыстардың 30 – 39 жастағыларына – 49 931 еркек, 55 437 әйел; украиндардың 55 – 59 жастағыларына 8 889 еркек, 10 942 әйел келді137.

СКАЧАТЬ

132

Донич А.Н. Указ. соч. – С. 23, 25 – 26.

133

Донич А.Н. Указ. соч. – С. 28.

134

Сонда.

135

Галиев А.Б. К истории миграции населения Казахстана // Вестник АН КазССР. 1979. № 5. – С. 55.

136

Материалы по райониров-ю Казахстана. Вкладная таблица. – С. 42.

137

Сонда.