Название: 1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы
Автор: К. А. Саркенова
Издательство: КазНУ
Жанр: История
isbn: 9965-29-641-3
isbn:
1928 жылдың 25 желтоқсанында Қазақстанда барлығы 57,7 % қазақтар; 19,8 % орыстар; 13,2 % украиндар; 3,5 % өзбектер; 1,9 % қарақалпақтар; 1,2 % татарлар; 0,8 % таранчалар; 0,8 % немістер; 0,4 % эрзя (мордвалар); 0,3 % белорустар; 0,2 % қырғыздар; 0,1 % түрікмендер; 0,1 % дұнғандар; 0,1 % тәжіктер; 0,5 % басқа ұлт өкілдері өмір сүрді140.
Орыстар, украиндар, немістер және белорустардың қазақ даласына қоныс аудару отаршылдық саясаттың салдарынан болған еді. Өзбектер Қазақстанның Шымкент, Әулиеата, Түркістан сияқты ірі қалаларында шоғырланды141. А.Н.Доничтың пікірінше, мордвалар кезінде Петропавл, Қостанай, Семей округтерінің жергілікті тұрғындары болған, кейін олардың жартысын қазақтар, кейін орыстар ығыстырған. Қалғаны Жетісу өңіріне қоныстанған142. Таранчалар, ұйғырлар (1917 жылғы төңкерістен кейін қашқарлықтармен бірге осы атауды алған) Құлжа және Шығыс Түркістанның басқа да жерлерінен шығып, ХІХ ғасырдың 80-жылдары орыс патшасы мемлекетінің жеріне қоныс аударған. Қазақ АКСР-інің Жаркент және Алматы уездеріне шоғырлан-ған143. Қырғыздар (бұрын қара қырғыздар деп аталған) тегі, тілі, әдет-ғұрпы жағынан қазақтарға ұқсас. Ал түрікмендер, негізінен, Қарақалпақ автономиялық облысында және Адай округінде мекендеген. Тәжіктер Қарақалпақ автономиялық облысы мен Сырдария округінің ауылдық жерлерінде қоныстанған. Келімсектердің қатарына дұнғандар да кірді. ХІХ ғасырдың 80-жылдары Құлжа мен Шығыс Түркістаннан қоныс аударып, негізгі тобы Қырғыз АКСР-інің Бішкек округіне, аз бөлігі Алматы, Сырдария округтеріне орналасқан144. «Басқа ұлт өкілдерінен» бұхарлық және еуропалық еврейлерді, қашқарлықтарды, болгарларды, кәрістерді атауға болады.
Сонымен, 1926 жылдың санақ деректеріне, тағы да басқа баспасөз материалдарына сүйене отырып, біз Қазақстанның 1926 – 1928 жылдардағы халық тарихына қысқаша сипаттама бердік.
1.5. 1926 – 1936 жылдардағы халықты ағымдық есепке алу жүйесі
1926 жылғы Бүкілодақтық халық санағы халықты есепке алу жүйесінің дұрыс жолға қойылғанын дәлелдеді. Бірақ шаруаларға қарсы бағытталған кейінгі шаралар елдің демографиялық жағдайын қатты өзгертті. Халықты есепке алу жүйесі дағдарысқа ұшырады. Соңғы сенімді ақпаратқа 1931 жылдың жазындағы материалдарды ғана жатқызуға болады. Статистиктер үшін 1926 жылғы санақтан кейін басталған жаңа серпін ұзаққа созылмады,
1930 жылы «Статистика хабарламасы» және «Статистикалық шолу» журналдары, Орталық статистика басқармасы жабылып, орнына 1931 жылдың аяғында Мемлекет жоспарының құрамындағы Халық шаруашылығы есебінің Орталық басқармасы (ЦУНХУ) құрылды. Орталық статистика басқармасындағыдай онда дербестік болмады. Ауыл шаруашылығын жаппай ұжымдастыру және көшпелі қоғамды отырықшылыққа күштеп көндіру, кулактарды кәмпескелеу науқанының салдарынан туу мен өлім-жетімді жүйелі есепке алу қиындады.
«Азаматтық хал актілері аудандарда сын көтермейді. Екінші бесжылдық негізіне 1926 жыл санағының кейбір түзетулер енгізген мәліметтері ғана алынды», – деп жазды Халық шаруашылығы СКАЧАТЬ
140
Донич А.Н. Указ. соч. – С. 10-11.
141
Список народностей СССР. Труды комиссии по изучению племенного состава населения СССР. – С. 33.
142
Донич А.Н. Указ. соч. – С. 13
143
Список народностей СССР. Труды комиссии по изучению племенного состава населения СССР. – С. 34.
144
Сонда, С. 43; Донич А.Н. Указ. соч. – С. 13.
1932 жылы халық шаруашылығы есебінің аудандық және қалалық инспекциясы құрылды. Оған дейін КСРО Орталық статистика басқармасы, кейін КСРО Халық шаруашылығы есебі Орталық басқармасына болыстық (аудандық) және ерікті корреспонденттер жұмыс істеп келді, олар негізінен ауыл шаруашылығы статистикасымен ғана айналысты. 1934 жылы мемлекеттік статистиканың төменгі звеносының жұмысын жақсарту мақсатында аудандық инспектор штаты тағайындалды.