Название: 1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы
Автор: К. А. Саркенова
Издательство: КазНУ
Жанр: История
isbn: 9965-29-641-3
isbn:
30-жылдардың 1-жартысында статистикалық жинақтардың шығуы әрі қарай жалғасты. Олардың ішінде 1934 – 1936 жылдары шыққан «Социалистік құрылыс» статистикалық жылнамасын неғұрлым толыққанды деуге болады. 1937 жылдан статистикалық мағлұматтардың жариялануы қысқарып, 1938 жылы мүлдем тоқтады.
Статистикалық мағлұматтардың болмауы елдегі нақты экономикалық жағдайға толық баға беруге мүмкіндік бермеді. Ұзақ уақыт статистиктердің съездері шақырылмады. 1932 жылдың 8 қаңтарында жоспардың орындалуы туралы жалған мәліметтер бергендерді қылмыстық жауапқа тарту туралы үкіметтің шешімі шықты. Барлығы елдегі терең ішкі дағдарыстан емес, дүниежүзілік жағдайдың қиындауынан деп түсіндірілді. Ведомстволардың есеп-статистикалық кызметі күшейтілді. Мекемелік статистика аппараты нығайтылып, есеп және статистика секторлары құрылды.
Енді статистика ішкі шаруашылық есепке ғана сүйенді, нәтижесінде әр салаға жауап беретін түрлі бағыттағы есеп жүргізу шарты бұзылды. «Бірыңғай халық шаруашылық есебі жүйесінің» құрылуы статистиканы тек есеп жүргізудің бір түрі деп түсінуге алып келді. Даму заңдылығын, болжамдау бағдарын түсіндіретін статистиканың сараптамалық функциясы мүлдем жойылды. Жоспар-болжам орнын жоспар-заң, жоспар-директива; математикалық-статистикалық әдістің орнын элементарлық әдіс басты. Мемлекеттік жоспарға бағыныштылық, өз жеке ақпаратының болмауы, сараптамалық әдістен бас тарту статистикалық мәліметтердің бұрмалануына әкелді. Оған 30-жылдардың ортасында болған «кадр төңкерісі» де әсер етпей қойған жоқ. Қуғын-сүргінге ұшыраған білікті, білімді, дербес көзқарастағы принципті мамандардың орнына өз ісіне берілген, бірақ тәжірибесі аз, орта және жоғары оқу орындары жұмысшы факультеттерінің өкілдері келді.
Н.Н. Осинский 1935 жылы тұтқындалып, енді Халық шаруашылығы есебінің Орталық басқармасын И.А.Краваль басқарды. Ол екі жыл ғана жұмыс істеп үлгерді. 1937 жылы халық санағы жүрді, оған үлкен саяси мән берілді. 1926 жылғы халық санағынан бері шаруаларды күшпен қоныс аударту, ұжымдастыру, қуғын-сүргін, зиялы қауымды қудалау салдарынан халықтың әлеуметтік-демографиялық құрамында терең өзгерістер болды. Нәтижесінде, 1937 жылғы санақ үкіметтің халық саны туралы күткен қорытындысын бермеді.
1.6. Қазақстан халқының ұжымдастыру кезіндегі шығыны
1928 жылы Қазақстан халқы 6 507 077 адам болды. Қазақстан Халық шаруашылығы есебі басқармасының мәліметтері бойынша, Қазақстанның халқы 1930 – 1936 жылдары (әр жылдың 1 маусымына сәйкес) төмендегіше сипатталды: 1930 жылы – 5 873,0 адам,
1931 жылы – 5 114,0 адам, 1932 жылы – 3 227,0 адам, 1933 жылы – 2 493,5 адам, 1934 жылы – 2 681,5 адам, 1935 жылы СКАЧАТЬ