Название: Француз-герман қарым-қатынастары (ХХ ғ. 50-60-жылдар)
Автор: Амангелді Әліпбаев
Издательство: КазНУ
Жанр: История
isbn: 9965-791-81-3
isbn:
1945 жылдың 5 маусымында тізе бүгу Актісіне байланысты жеңген мемлекеттер – АҚШ, КСРО, Франция және Ұлыбритания Германиядағы жоғарғы билікті өз қолдарына алғаны белгілі [28, s.11]. Олар басқару мақсатында төрт жақты Бақылау Кеңесін құрып, ал кейбір басып алған жеке аудандарда сол тектес елдің өлкелік әкімшілігін құрды. Батыс жеңген мемлекеттердің қарамағына Германияның үштен екі аймағы, яғни, оның 11 батыс жер-өлкесі кірді.
Соғыстан кейінгі жылдардағы “Герман мәселесін” шешуде Батыс мемлекеттерінің саясаты тиянақсыздау болды. Өйткені осы мәселені шешудің өзінде екі үрдістің күресі белгілі еді. Америкалық саясаткерші Г.Моргентау мен ағылшындық Р.Ванситарттың көзқарасын бөлісушілер, Германияны АҚШ пен Англияның бақталасы ретінде әлсіретуге, яғни оны аграрлы мемлекетке айналдыру үшін ұмтылды. Ал бұған қарама-қарсы, президент Трумэнге жақын күштер Еуропадағы америкалық ықпалдағы мемлекет ретінде Германияны қайта қалпына келтіруді ойлайды. 1946 жылдың өзінде соңғы бағытты ұстағандар америкалық әкімшілікте басым көпшілікке жетеді. Француздық үкімет саясаты Германияны қалай да әлсіретуге бағытталады. 1945 жылдың күзіндегі “Таймс” газетінің бетінде генерал де Голль:“Қазіргі кезеңде германдық өмір сүру қабілетін жандандыру батыспен байланысты. Бір күні герман басқыншылығы сондай-ақ батысқа да бағытталуы мүмкін”, – деп ескертеді [29, с.32]. Оның өкілдері Францияның қауіпсіздігін сылтаурата отырып, Германияны бөлшектеуге, шекараны Рейн өзені бойымен орнатуға, Саар ауданын француз мемлекетінің құрамына алуды көздегені белгілі. Жалпы, бастапқы еуропалық одақ құрылысының қозғаушы күші ретінде аумақтық мәселе, яғни 1945 жылға дейін Германия империясының құрамында болған, соғыс салдарынан жеңіліске ұшырағаннан кейін тартып алынған екі аумақты басқару мәселесі түрткі болғандығын айтуға болады. Бұл – әсіресе, тас көмір сияқты пайдалы кен орындарына бай, өнеркәсіптің тығыз орналасқан ауданы, өнеркәсіп өндірісінің, соның ішінде Германияның әскери өндірісінің екі дүниежүзілік соғыс кезінде де негізгі қайнар көзі болған Саар мен Рур аймақтары еді. Гитлерлік жүйенің күйреуінен кейін, Саар мен Рур аудандары Француз Республикасының бақылауына өткен болатын. Еуропалық құрылықтағы ықпал үшін бұрыннан Германияның басты бақталасы болып келген Франция болса, 1870 жылғы француз-прусс соғысының ащы сабағын, бірінші және екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі неміс басқыншылығының зардаптарын еске ала отырып, және неміс аумағынан жаңа соғыс қатерінің тууынан қауіптенгендігі СКАЧАТЬ