Француз-герман қарым-қатынастары (ХХ ғ. 50-60-жылдар). Амангелді Әліпбаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Француз-герман қарым-қатынастары (ХХ ғ. 50-60-жылдар) - Амангелді Әліпбаев страница 11

СКАЧАТЬ Версаль сарайында германдық бірігуді бүкіл әлемге жария еткені мәлім.

      Осындай бір-біріне деген өшпенділікпен олар жиырмасыншы ғасырға да аттаған еді. Ал бұл өз кезегінде, жиырмасыншы ғасырдың басында-ақ, айналып келгенде бірінші дүниежүзілік соғыстың басталуына қандай да бір өзіндік ықпал етті.

      Алғашқы уақытта француз-герман қарым-қатынастарындағы бақталастық пен бәсеке екі мемлекет арасындағы аумақтық тартыс көлемінде болса, халықаралық қатынастар жүйесінің даму сатысына орай, екі мемлекеттің бір-біріне қатысты ұстанған сыртқы саясатына саяси және экономикалық факторлар өз ықпалын тигізіп, ендігі жерде француз-герман қатынастарына алыс жағрапиялық ортада жатқан отар елдер үшін күрес мәселесі де басты орынға шыға бастады. Жалпы айтқанда бұл мемлекеттік қауіпсіздік пен ұлттық мүддені қамтамасыз ету мақсатындағы міндеттемені іс жүзінде шешуге арналған саяси-әскери бағыт. Ал бұл бағыт, өз кезегінде, халықаралық шиеленістің бір түрі – мемлекет аралық әскери қақтығысқа әкелетіндігі сөзсіз еді. Осы көзқарас тұрғысынан алғанда, қандай да бір тарап қарама-қайшылықты әскери деңгейде қарастырса, сол сәт мемлекетаралық қақтығыстың да басталуы.

      ХХ ғасырдың басында қалыптасқан халықаралық қатынастар нәтижесі, француз-герман қатынастары арасында ежелден келе жатқан талас-тартыспен қоса, отар елдер төңірегіндегі жанталас, ғасыр басындағы дүниежүзілік соғысқа итермеледі.

      Бірінші дүниежүзілік соғыстың алғашқы күндері-ақ Францияның Германияға қарсы тұруына тек Ұлыбритания ғана емес Ресеймен де одақ құрғандығының маңыздылығы зор болды. Осы одақтың мүшесі болған Ұлыбритания да француз-герман қатынасында өзіндік орын алып келгендігі белгілі. Еуропаның солтүстік-батысында орналасқан кәдімгі аралдық мемлекет Ұлыбритания, ежелден осы аймақта маңызды стратегиялық жағдайды қалыптастырған. Еуропалық құрылықта басқа мемлекеттердің үстемдігін болдырмауға ұмтылған Ұлыбритания тежеу саясатын қалап алған еді. Осыған орай, бірнеше ғасырлар бойы Германия мен Франция арасындағы қатынаста тікелей немесе жанама түрде екі мемлекет қайшылығында төреші рөлін атқаруға ұмтылған Ұлыбританияға да байланысты болды. Өмір бойы Ұлыбританияның ұмтылғаны Еуропа құрылығында “күштердің тепе теңдігін” құру болды, тек, ешбір мемлекеттің онда үстемдік жағдайында болуын қаламады.

      Гарольд Никольсонның айтуынша: ”Британдық саясат қашанда сол сәт Еуропада күшті деп есептелінетін, қандай да болмасын бір елге қарсы топты ұйымдастыруға бағытталды; Егер Еуропадағы ағылшын саясатының мақсаты – күштердің тепе теңдігі – Англияның тікелей қатысуынсыз іске асатын болса, онда олар “араласпау”, “әдемі оқшаулану” саясатын ұстауға әзір. Ал егер олардың қатысуынсыз іс жүзеге аспайтын болса, олар еуропалық іске ашық түрде араласып, әрине, мүмкіншілікке қарай, өздеріне аз міндеттемелер алып, “күштердің тепе теңдігін” сақтауға тырысады” [17]. Яғни, Ұлыбританияның СКАЧАТЬ