Название: Француз-герман қарым-қатынастары (ХХ ғ. 50-60-жылдар)
Автор: Амангелді Әліпбаев
Издательство: КазНУ
Жанр: История
isbn: 9965-791-81-3
isbn:
Еуропалық құрылықта алдыңғы қатарлы мемлекет болуға ұмтылған Франция, өзінің саяси-экономикалық дамуында барлық қолайлы да тиімді жолдарды таңдайды. Бұл мақсатты Шарль де Голль өзінің “Әскери мемуары” атты еңбегінде: “Франция тек бірінші сатыда тұрған жағдайда ғана нағыз Франция бола алады… Біздің еліміз басқа елдердің алдында ұлы мақсаттарға ұмтыла отырып, ешкімнің алдында тізе бүкпеуге тиіс, керісінше жағдайда өте қауіпті қатерге тап болуы мүмкін. Бір сөзбен айтқанда менің ойымша, ұлылығын жоғалтқан Франция, Франция болудан қалады”, – деп тұжырымдайды [35, с.29]. Осыған орай Шарль де Голль өзінің әскери мемуарының 3-ші томында соғыстан кейінгі Францияның Еуропаға байланысты саясатын: Рейнмен, Альпімен, Пиренеймен түйіскен мемлекеттерді экономикалық, саяси және стратегиялық қатынаста біріктіру қажет екендігін көрсеткен [33, с.134]. Бұл ұйымды дүниежүзілік үш күштің бірі етіп, қажет болған жағдайда екі лагерь, яғни кеңестік және англосаксондық, арасында төреші қылу. Жалпылама түрде бұл топтағы “мемлекеттер бірлестігінің” келбеті де айқындалған.
1945 жылғы 10 қыркүйектегі Шарль де Голль “Таймс” газетінің париждік тілшісіне “Еуропадағы мазасыздықты” болдырмау үшін Англияның қатысуымен “жалпы өркениетті” және “мәдениетті” батысеуропалық топ құру идеясын мәлімдеген еді. Тек Еуропа құрылығындағы қандайда бір мемлекет аралық қарым-қатынастар Германиядан тыс орнатылуы мүмкін емес еді. Өйткені, Германия осы құрылықтағы саяси ойынның басты мүшелерінің бірі деп қарауға болады. Соғыстан кейінгі саяси жағдай Германия мемлекетін екі қарама-қарсы бөлікке бөлгенімен, Батыс Еуропалық қарым-қатынаста Германияның Батыс бөлігі негізгі қатысушы болып саналды.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі алғашқы жылдарда Франция үкімет басшылары Германиямен қарым-қатынас мәселесін толық федерализациялау арқылы, сондай-ақ Рур, Рейн аймағын, Саарды экономикалық қосып алу арқылы шешуге талпынды. Геосаясат негізінде алғанда, бұл мемлекеттер даму үрдісіне сай алдыңғы қатарлы ел болғандықтан, жағрапиялық жағдайдағы кеңістік қағидасын толық пайдалана алуға мүмкіндігі бар мемлекеттер екендігі айқын. Яғни, олар өздерінің жағрапиялық артықшылығына ептілікпен иелік етіп және табиғи байлығын тиімді негізде пайдалану арқылы дамудың жоғарғы сатысына шығуына СКАЧАТЬ