Название: Француз-герман қарым-қатынастары (ХХ ғ. 50-60-жылдар)
Автор: Амангелді Әліпбаев
Издательство: КазНУ
Жанр: История
isbn: 9965-791-81-3
isbn:
Ал саяси-экономикалық жағдайларға байланысты, 1946 жылдың 2 желтоқсанында ағылшын-американ өңірлері бірігіп, “Бизонияға” айналса, Франция бұл кезеңде өз басып алынған өңірде жеке басшылық жасау әлде қайда тиімді деп есептейді. Тек, 1948 жылдың ақпанында қалыптаса бастаған саяси ахуалдың қысымымен, “Бизонияға” француз өңірі де қосылып, “Тризонияның” пайда болуы бірыңғай экономикалық аймақты құрды. Бұл өз кезегінде Батыс Германияның құрулуының алғы шарты еді [32, s.101].
Соғыстан кейінгі саяси жағдай, неміс жеріне қарағанда француздарда саяси өмірге тән қалыпта жүрді. 1946 жылдың 13 қазанындағы жаңа конституция бойынша Франция демократиялық, зайырлы және әлеуметтік Республика болып жарияланғандығы мәлім. Жаңа конституцияның күшіне енуіне және Ұлттық жиналысқа сайлау өтуіне байланысты Уақытша тәртіп тоқтатылады. Ендігі жерде, 1946 жылдан 1958 жылға дейін созылған Төртінші республика кезеңі басталады. Сыртқы саясаттағы көздеген мақсаттары батыс еуропалық елдерді КСРО-ға төтеп бере алатындай экономикалық және саяси топқа біріктіре отырып, сонымен бірге, Батыс Еуропаның қауіпсіздігін, герман жерінен соғыс өртінің қайта бас көтермеуін қамтамасыз ету, сондай-ақ АҚШ алдында тәуелді болмау еді.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі кезеңде француз-неміс қайшылықтарының бәсеңдеуін, геосаясат негізінде қарайтын болсақ, өткен ғасырлармен салыстырғанда бұл кезеңде адам факторы, атом қару-жарағының болуы және оның таратылуы, ақпарат құралдары мен байланыс жолының дами түсуі, халықаралық қатынастар жүйесінің соңғы үрдістерінің дамуы, өз тарапынан елеулі ықпал етті деп айту керек. Сондай-ақ, экономикада әлдеқайда тұрақтану пайда болып, Еуропа елдеріндегі халық санының азаюы, бұрынғы саяси-жағрапиялық тұжырымдарға әсер ететін халықаралық қатынастағы бақталастық екпінінің төмендеуіне әкелді. Екіншіден, осы уақыт ішінде әлемдегі өнеркәсіптік дамуда орасан зор алға жылжу байқалды. Байланыс пен көлік саласындағы жетістіктер, арақашықтық мәселесіндегі кейбір жағрапиялық ұғымдардың мәнін төмендетті. Ендігі жерде аз қана уақытта мыңдаған шақырымдарға жететін құрылықаралық баллистикалық зымырандардың пайда болуы, әскери тұрғыдан жағрапияның физикалық әсерінің мәнін жоққа шығарды.
Осындай бүкіләлемдік даму барысында мемлекеттердің бір-біріне деген өзара байланысы, қатынасы, өзара тәуелдігі арта түсіп, қандай да мақсатқа жету жолын соғыс арқылы шешуі көп жағдайда тиімсіз екендігін көрсетті. Сол ретте, терезесі тең мемлекеттер халықаралық ұйымдар төңірегінде топтаса түсіп немесе бір-бірімен келісімдер арқылы ынтымақтасуы барысында дамуы, әлде қайда қолайлы болып табылды. Мұның өзі құрылықтағы қандайда жағдайда екі ел арасында пайда болатын шиеленістің СКАЧАТЬ