Название: Қосалқы тарихи пәндер. І бөлім
Автор: Тұрғанжан Төлебаев
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0107-5
isbn:
Сонымен қазақстандық топонимдердің түптамыры сонау сақ, орал-алтай тіл бірлестігі дәуірлеріне, ежелгі парсылар кезеңіне тән болып есептеледі. Сондықтан да қазақ даласында көптеп кездесетін палеотопонимдерді әлі де болса арнайы зерттеу қажет. Сонда ғана моңғол және жоңғар шапқыншылықтары, әсіресе Ресей отаршылдығы тұсында пайда болып, әлі де өзгеріске түспей жүрген елімізге де тілімізге де жат топонимдердің мән-мазмұнын айқындап, тарихи атауларын қалпына келтіру мүмкіндігі кеңейеді.
Палеотопономикалық зерттеулер өте көне замандардан бастап-ақ қазақ даласында өзен-көлдердің, сай-сала мен тау-тастың, елді мекендердің өзіндік атауы болғандығын дәлелдейді. Ол заңды да. Өйткені көшпелі мал шаруашылығымен айналыса жүріп біздің арғы бабаларымыз өзен-көлдердің, сай-сала мен тау-тастың ғана емес жыра-жылғаның, бұлақ-бастаудың, қырқақыраттың, беткей мен белестің, өткел мен суаттың да ерекшелігін, жыл мезгілдеріндегі өзгерістерін, пайдалы-зиянды жақтарын білуге тиіс болды. Мұның барлығы олардың жер бетінде атсыз, атаусыз ешнәрсе де қалдырмауына әкелді. Сондықтан да әрбір ат пен атаудың өзіндік сыры, мәні мен мағынасы болды. Сол себепті де қазақ даласы топонимикасы өте құнды да қасиетті. Қазақ топономикасы халқымыздың тарихымен, тілімен, ділімен, дүниетанымымен, наным-сенімімен, әдет-ғұрып, салт-санасымен тығыз байланысты және солар туралы мәліметтерді ғасырлар бойы сақтап бізге жеткізді, болашақ ұрпақтарға да жеткізеді. Ал мұның барлығы Қазақстандағы жер-су, елді мекен атауларының қасиетін арттыра, құдыреттендіре түседі. Дәл сондықтан да қазақтар үшін арғы бабаларының көзі мен сөзі болып жеткен әрбір тарихи атау қымбат, баға жетпес құндылық болып есептеледі. Сондықтан да қазақ топономикасы өте маңызды ғылым саласы. Ол әсіресе еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, басқыншылықтар мен отаршылдық барысында өзгеріп кеткен тарихи атауларды қалпына келтіру қолға алынған бүгінгі таңда ерекше маңызға ие болуы қажет. Өкінішке орай әлі де болса қазақ топономикасы туралы, әсіресе тарихи тұрғыдағы зерттеулер аз болып отыр.
Қазақ топонимикасы тарихының сақ дәуірінен кейінгі үлкен кезеңі көне түркі дәуірі болып табылады. Түркі жазуларында кездесетін Ертіс, Селенге, Қарқұм, Қаракөл, Көміртау, т.б. жер-су атаулары ғасырлардан өтіп, бүгінге дейін жетіп отыр. Түркі дәуірінің топонимиясының таптырмас деректері Махмұд Қашқаридың (ХІ ғасыр) «Диуани лугат ат-түрк» атты тамаша еңбегінде және бірнеше картасында кездеседі. Географиялық атаулардың семантикасына көбірек назар аударған оның еңбегіндегі кейбір атаулардың түсіндірмелерінен халықтық этимологияның мысалдарын кездестіруге болады…
Ортағасырлық қазақ топономикасы туралы деректер Мұхаммед Хайдар Дулатидың (ХҮІ ғасыр) еңбегінде де көптеп кездеседі. Мәселен ол біз қазіргі күндері Тянь-Шань деп атап жүрген тау сілемін Моғолстан тауы деп атайды. Захираддин Бабырдың «Бабырнамасында» да жер-су аттары ерекше назар аудартады. Бұл еңбектер топонимиялық тұрғыда арнайы зерттеуді қажет етеді. Өйткені олар жоңғар СКАЧАТЬ