Название: Қосалқы тарихи пәндер. І бөлім
Автор: Тұрғанжан Төлебаев
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0107-5
isbn:
Ал бүгінгі таңда ресми құжаттарда фамилияны – ов, – ова, – ев, – ева арқылы, әкесінің атын – ович, – евич, – овна, – евна деп жазу патша және кеңес үкіметтерінің орыстандыру саясатының сарқыншағы ретінде әлі де өмір сүріп отыр. Дегенмен, бүгінгі таңда атын, әкесінің атын және тегін қазақшалап жазу да кең орын алуда. Мәселен Төлбай Әбдікерім Әбеуұлы немесе Бауыржан Момышұлы, Мағжан Едігеұлы.
Жалпы алғанда қазақ антрошнимиясы тарихи деректерді толықтырып отырады. Әсіресе жеке тұлғалардың тарихтағы орнын айқындауға көмектеседі, мол дерек көздерімен қамтамасыз ете алады.
1.3. Топонимика
Топонимика (грекше «топос» – орын, жер, «онима» – атау) – жер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын (этимологиясын), мағынасын, құрылымының даму мен өзгерістерге ұшырауын, қазіргі жағдайын зерттейтін ономастиканың құрамдас бөлігі. Топонимия географиялық және топографиялық атаулардың барлық түрлері мен салаларын зерттейді. Топонимдерді, яғни жер-су аттарын зерттеудің тереңдеуі, кеңеюі барысында топонимияның бірнеше саласы айқындалды. Олар: елді мекендер – ойконимдер, өзен, көл және басқа да су бассейндерін – гидронимдер, таулар мен қыраттарды – оронимдер деп атала отырып зерттеледі. Ал ойконимдердің өзі – полисонимдер – қалалар мен қалалық елді мекендер және комонимдер – ауылдық елді мекендер атаулары деп топтастырылады. Тіпті қалалардың өз ішінде топографиялық ерекшеліктеріне қарай бірнеше топонимикалық атаумен аталатын зерттеу объектілері бар. Олар: годонимдер – қала ішіндегі көшелердің атауы; эргонимдер – кәсіпорындардың атаулары; агоронимдер – алаңдардың атауы. Бұлардың барлығы, яғни жалпы қала ішіндегі топонимикалық атаулар жиынтығы, ғылыми еңбектерде урбанонимдер деп аталып жүр.
Топонимика тарих, география, этнология, тіл білімі сияқты ғылым салаларының зерттеу аймағы болып табылады. Өйткені ол осы ғылым салаларына қатысты деректерге сүйенеді және олармен өзара байланыста дамиды. Белгілі бір аумақтың географиялық және топографиялық атауларының жиынтығы сол аймақтың топонимиясын құрайды. Топонимдер зерттелетін географиялық нысандардың көлеміне, не мөлшеріне қарай макротопонимдер (макрос – үлкен, ірі, топонимия – жер-су атаулары) үлкен, ірі топонимдер, яғни үлкен тау жоталары, үлкен ойпаттар, мұхиттар, т.б.), мезотопонимдер (мезос – орта, орташа) жеке таулар мен теңіздер, т.б.), микротопонимдер (микрос – ұсақ, кішкене) шағын көл, бұлақ, құдық, қоныс, т.б.) деп бөлінеді.
Топономика тарихты зерттеуде маңызды дерек көзі болып саналады. Өйткені әрбір жердің, судың, елді мекеннің атауын қойған адамдар. Демек ол аумақты адамдар өмір сүрген деген сөз. Ал адамдар атты бекерден бекер қоя салмаған. Жердің, судың, елді мекеннің де аты оның ерекше белгілеріне, адамдар үшін атқаратын қызметі мен орнына, маңызына қарай атайтын СКАЧАТЬ