Название: Қосалқы тарихи пәндер. І бөлім
Автор: Тұрғанжан Төлебаев
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0107-5
isbn:
Зерттеуші палеотопоним ретінде арнайы тоқталған келесі атау – Жайық өзені. II ғасырдағы грек ғалымы Клавдий Птолемейдің «География» еңбегінде Дайке, Ахмед ибн Фадлан жазбаларында Джайх, В.В. Бартольдтың Птолемей заманында Волга өзенінің аты фин тілінде Ра-Урал, ал түркі тілдерінде Даикс, Н.А. Баскаков алтай тілінің Куман диалектісінде: «Дайык» – «өзен тасқыны» мәнін білдіретіндігі туралы ойларын айта келе: «Жоғарыда көрсетілген нақты деректерге қарағанда өзен атының көне дай тайпа атымен, ежелгі заманнан орта ғасырға дейін Дайк, Дайкс, Dйаіх тұлғаларында аталып келуі ешбір күмән тудырмас шындық екенін көреміз… Олай болса, Дайх (йаіх) өзені «дайлар өзені» мәніндегі ежелгі заманға тән атау деп қараудың яғни көне тайпа атынан, сақ замандарында қойылған атау екенін көреміз», – деп қорытындылайды.
Т.С. Жанұзақов Сырдария атауының да ежелгі заманға, біздің дәуірімізге дейінгі кезеңге тән екендігін көптеген зерттеушілердің бұл атау туралы пікірлеріне талдау жасай отырып айқындаған. Сырдарияның б. з.б. III ғасырда сақ тілінде Силис, VІ-VІII ғасырларда грекше Яксарт (түрікше «касарт» сөзі), VІІІ-Х ғасырларда қарлықтардың үстемдігі кезінде Сейхун, одан да бұрын Александр Македонскийдің жауынгерлері оны Танаид деп атағанын, ал оның скифтің дон – «өзен» деген сөзінің сөзбе-сөз аудармасы екенін айта келе: «Біздің ойымызша, атаудың бірінші құрамындағы сыр сөзі парсы тіліндегі сар (сер) сөзінің түркі тілдерінде дыбыстық тұрғыдан өзгеріске түсіп айтылған түрі болса керек. Тәжік тілінде сар – 1) бас; 2) бас жақ, шыққан жері; 3) тау, шың мағыналарын білдірсе, парсы тіліндегі сер сөзі – «бас», «тау басы» мағыналарын білдіреді. Сонда Сырдария атауының топонимдік мағынасы: «тау басының, жоғарыдан аққан суы мол, үлкен өзен, бас дария», – деп есептейді.
Бұдан соң Оңтүстік Қазақстандағы Арыс өзені мен Алматы облысындағы Асы өзені туралы тарихи деректер мен жүйелі ізденістерге талдау жасай келе біздің заманымыздан бұрын өмір сүрген сақтардың белді де беделді тайпаларының аттары деп есептейді. Мұндай деректердің қазақ даласының барлық аймақтарынан кездесетінін Арал, Бетпақдала, Талас, Талғар, Торгай, Баладересін, Ақсеңгір, Ақсан, Дамсы, Деркөл, Хантәңірі, Алтай, Орал, т. т. атаулар арқылы нақтылай түседі. Сақтардың кезінен қалған әрі олармен тікелей байланысты қойылған атаулардың ғасырлар өтсе де ұмытылмай сақталып келуі, тілдік сабақтастықтың үзілмейтіндігін және сақтардың қазақтардың арғы ата-бабалары екендігін айқындай түседі.
Қазақ жеріндегі палеотопонимдерді орал-алтай тіл бірлестігі кезеңіне тән екендігі Ақажық, Айтагы, Аягөз, Баксұқ, Баладересін, Бақсұқ, Басқамыр, Бастуайт, Белеуті, Бұлдырты, Дардамты, Дегелең, Доғалаң, Дегерес, Дүбін, Дыңшоқы,
Елшенбүйрек, СКАЧАТЬ