Қосалқы тарихи пәндер. І бөлім. Тұрғанжан Төлебаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қосалқы тарихи пәндер. І бөлім - Тұрғанжан Төлебаев страница 12

СКАЧАТЬ мәжбүр болғаны атап көрсетілген. Иә, бүгінгі таңда отаршылдық пен тоталитарлық режимдердің идеологтарының ономастиканы қоғамның тарихи-мәдени санасына әсер етудің саяси құралына айналдырғаны, соның салдарынан қазақ ономастикасының өзіндік болмысына, ұлттық ерекшелігіне, әсіресе, оның топонимикалық және антропонимикалық жүйелеріне орасан зиян келтірілгені, Қазақстан картасының едәуір бұрмалауларға ұшырағаны тайға таңба басқандай белгілі болып отыр. Кешегі солақай саясат елді-жұртты салт-санасынан айырып, рухани тамырынан ажырату үшін алдымен жер-су аттарын өзгертті. Осылай халық санасында сан жылдар сіңісті болған атаулардың сырына үңілмей, ту-талақай ету – тарихқа жасалған қиянат еді. Бірақ қарашекпенділер оны ойлап, басын қатырған жоқ. Тәуелсіздігімізге біз осындай халде қадам бастық. «Атау нысанға таңылып қалған нәрсе емес, ол тек қана қоғамда өмір сүреді және әрбір әлеуметтік құбылыс сияқты әрқашан тарихи заңдылықтарға багынады», – дегенді еске алсақ, ономастикалық жұмыстарды үйлестіруге, ұлттық мүддемізге сәйкестендіруге, ономастика жөніндегі қағидаларымыз бен тұжырымдарымызды Қазақстан тәуелсіздігінің бүгінгі рухани биігінен қайта қарауға, ескі атауларды қалпына келтіруге, тарихи әділеттілікті орнатуға жедел кірісіп кетуіміз керек еді. Тәуелсіздіктің таңында осындай бір құлшыныстың ел тарихын құрметтейтіндерді тың ізденістерге бастағаны анық. Сөйтіп, екі қадам ілгері, бір адым кейін шегіне жүріп, біраз істер тындырылды. Ауызды қу шөппен сүрте беруге болмайды, бұл бағытта тындырылған істер де жоқ емес. Ел көлемінде алсақ, 5 облыстың, 13 қаланың, 54 ауданның, 7 қалалық ауданның, 43 теміржол стансасы мен бекеттерінің атаулары өзгерді. 6 облыстың, 12 қаланың, 14 ауданның, 76 теміржол стансасы мен бекеттерінің, 30-дан астам елді мекен атауларының орыс тіліндегі транскрипциясы нақтыланды. Осындай деректерді кез келген облыс, аудан бойынша да келтіруге болады.

      Осы атқарылған істер еліміз тәуелсіздік алғаннан бастап ұлттық ономастика кеңістігін өзінің төл нақыштарымен ажарландыруға берік бағыт ұстады деуге негіз бола алама?Бұл арада нық сөйлеу қиын, содан да жауабымыз әркез солқылдақ шығады. Көсіліп сөйлей алмай күмілжиміз. Өйткені отаршылдық пен тоталитарлық дәуірлерден қалған атаулардан біртіндеп арылып келеміз десек те, әлі шешілмеген мәселелер, кезегін күтіп тұрған істер жетіп-артылады. Тоқ етерін айтсақ, еліміз, жеріміз үш гасырга созылған отарлау кезеңінің ономастикалық белгілерінен түбегейлі тазартылмай отыр. Әсіресе еліміздің солтүстік, шыгыс, орталық облыстарында орысша атаулар әлі де сіресіп тұрғаны кімді де болсын қынжылтпай қоймайды.

      Жиырма жылдың ішінде біз бұл істі біраз еңсеріп тастауға тиіс едік, ісжүзінде олай болмады. Өткен ғасырдағы отаршылдық заманды, одан кейінгі кешегі кеңестік кезеңді еске салатын қалалар мен аудандардың және жүздеген елді мекендердің атаулары әлі күнге орыс тілінде тапжылмай тұр. Сөйтіп, біз ұлттық мүдде ұтатын жерде арқаны кеңге салып, мәселенің шешілуін СКАЧАТЬ