Қосалқы тарихи пәндер. І бөлім. Тұрғанжан Төлебаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қосалқы тарихи пәндер. І бөлім - Тұрғанжан Төлебаев страница 3

СКАЧАТЬ құстарға байланысты есімдер;

      4) мал шаруашылығына байланысты есімдер;

      5) құнды металдар мен асыл тастарға байланысты атаулар;

      6) жеміс-жидек атаулары байланысты есімдер;

      7) туыстық атаулармен байланысты есімдер;

      8) жер-су аттарына қойылған есімдер;

      9) тағам аттарына байланысты есімдер;

      10) ислам дінінің ықпалымен пайда болған есімдер.

      Антропонимдерді осылай жүйелеудің тарихи шындығы айқын. Мәселен біздің бабаларымыз ежелден-ақ аспан денелерін, олардың өзгерістерінің ауа-райына, жан-жануарлар мен адамдарға әсерін білген. Табиғаттың жер сілкінісі, алапат дауылдар мен құйындар, қақаған аяздар мен тасыған сел сияқты ерекше құбылыстарын байқап, бастан өткізіп отырған. Оларға тіптен сыйынып, табынып та отырған. Соған байланысты Күнсұлу, Күнтуар, Айсұлу, Айжарық, Жарқынай, Айтуар, Айбол, Жұлдыз, Шолпан және т.б. есімдер қойып келеді. Бұл аттар ата-ананың дүниеге келген ұрпағының биіктен көрінуін тілеген арман-мүддесіне байланысты қойылып отырған. Сондай-ақ, Жаңбырбай, Дауылбай, Боранбай, Аязбай, Тасқын сияқты табиғат құбылыстарына байланысты қойылған аттары да кездеседі.

      Ежелгі адамдардың өмір тіршілігі қоршаған ортамен тығыз байланысты болды. Сондықтан олар жабайы аңдар мен құстар сияқты еркін, батыл да, күшті, қайсар болсын деген мақсатта Қасқырбай, Арыстан, Жолбарыс, Бүркіт, Қаршыга, Қарлыгаш, Лашын деген аттар қойды.

      Еуразияның далалы аймағында еркін өмір сүрген арғы бабаларымыздан бері айналысып келген негізгі шаруашылығының бірі – көшпелі мал шаруашылығы екені белгілі. Біз төрт түлік деп жүрген малдардың ішінде әсіресе жылқыға, түйеге, сондайақ қойға байланысты адам аттары да қойылып отырған. Мәселен Жылқыайдар, Жылқыбай, Бурабай, Жанбота, Ақбота, Ақтай, Қойлыбай және т.б.

      Дегенмен біз қазіргі қазақ жерінде ежелден-ақ жер шаруашылығы болғанын және соған байланысты да адам аттарының қойылып келгенін де естен шығармауымыз керек. Мысалы, Егінбай, Егінші, Күрішбай, Бидайшы, Алма, Алмабек, Өрікгүл, Өрік, Арпабек және т.б. аттар мұның бұлтартпас дәлелі.

      Қазақтар өмір тіршілігіне, тұрмыс-салтына қажетті дүниелер мен үй бұйымдарына байланысты да аттар қоятын болған. Мәселен Әбдіреш, Киізбай, Жүндібай, Ошақбай, Қазанқап,

      Сүттібай, Балғабек, Балтабай, Тоқашбай және т.б. есімдер әлі де кездеседі.

      Ертеден-ақ, ел мен жер үшін күресіп келген қазақ халқында бұлармен қатар қару-жарақтарға байланысты да адам аттары көп. Олар: Мылтықбай, Қылышбай, Жебе, Садақбек, Қалқанбек, Найзабай, Шоқпар, Қылыш, Садақ, Айбалта, Найза, Айболат, т. б.

      Осы жерде қазақтарда батырлар мен батырлар жырлары кейіпкерлерінің есімдерін ырымдап қоюдың да болғандығын айта кеткен дұрыс. Алпамыстың, Қобыландының, Ескендірдің, Рүстемнің, Қамбардың, Әжібайдың, Қабанбайдың, Наурызбайдың, Хангелдінің, Райымбектің, Қыз Жібектің, Гүлбаршынның есімдері ұлттық мақтанышқа айналды. Ол есімдердің бүгінгі таңда да жиірек кездесе беретіндігі СКАЧАТЬ