Қосалқы тарихи пәндер. І бөлім. Тұрғанжан Төлебаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қосалқы тарихи пәндер. І бөлім - Тұрғанжан Төлебаев страница 6

СКАЧАТЬ келе оларды дәл анықтау қиындай түседі. Өзендер арнасын ауыстырады, шіркеу мен диірменнің айналасында басқа да жер телімдері пайда болады. Сөйтіп, ондаған жылдардан соң олардың көлемін, орнын айқындау қиындыққа әкеледі. Уақыт өте келе, жер телімдерінің қожалары да өзгеріп отырды. Жер телімдерін сату-сатып алуды былай қойған күннің өзінде келесі ұрпақтарына беріліп, олардың атына ауысып отырды. Кейде тіптен жер телімінің ауқымы кеңейіп, басқаша аталып кетіп те жатты.

      Х-ХІІ ғасырларда Еуропа елдерінде территориялық құрылымы қалыптасқаннан соң шартты түрдегі аумақтық атаулар жер иеліктерінің орналасқан орнын көрсету үшін пайдаланыла бастады. Сөйтіп, жер иелігі орналасқан епископтықтар, графтықтар, диоцездер арқылып оларды көрсету кеңірек таралды. Бірақ мұнда да өзіндік қиындықтар болды. Бір диоцезде немесе графтықта бірнеше жер телімі, иелігі болатын еді. Бұл да жер телімін немесе иелігін нақты айқындауды қажет етеді.

      Жалпы алғанда жер иеліктері мен телімдерінің орналасқан орнын, көлемін анықтау үшін көптеген басқа да дерек көздеріне жүгінуге тура келеді. Оларға ескі карталар, жоспарлар мен жобалар, жер жазбалары, сыйға беру, сату-сатып алу құжаттары, азаматтық хал актілері және т.б. жатады.

      Ал гидронимдер мен оронимдерге келетін болсақ, бұлардың соңғысына қарағанда алғашқысында, гидронимдерде атаулардың жаулап, басып алуға, қоныстануға байланысты өзгеріп отырғаны байқалады. Әсіресе шағын өзендер атаулары жиірек өзгеріп отырған. Дегенмен, гидронимдер мен оронимдерде ежелгі атаулар басқа топонимикалық салаларға қарағанда ұзақырақ сақталған. Сол себепті де зерттеушілер оларды жоғалып кеткен тілдердің тарихы бойынша таптырмас дерек деп есептейді.

      Топонимикалық зерттеулерде біршама күрделілеу болып есептелетін саласы – ойконимдер. Гидронимия мен оронимияға қарағанда ойконимдер жиі ауысып, өзгеріп отырды. Бірақ табиғи объектілермен салыстырғанда елді мекендер әлеуметтік мәнге көбірек ие және тарихи зерттеулер үшін маңызды деректерге толы. Жергілікті халықтардың елді мекендерге қойған аттарының біразы Рим империясы қоластына бағындырылғаннан кейін латынша аталды немесе латындандырылды. Кадис (Гадес), Палермо (Панорм), Таранто (Тарент), Марсель (Массалия) және т.б. Римдіктер кейбір елді мекендерді жергілікті тайпаның атымен Паризии, Тревер деп атады. Кейде өздері қойған атауға тайпаның атын қосатын еді. Сонда Лютеций Паризиорум – парзилердің Лютециі, Август Треверорум – треверлер Августы болып аталды.

      Римдік қалалардың көпшілігі бұрыңғы әскери лагерлердің орныда қалыптасты. Олардың біразы сол бұрыңғы атауларын сақтап қалды. Мысалы, Францияның оңтүстігіндегі Кастр қаласының аты «Лагер» ұғымын береді. Англияда кейінірек римдік атауларды кельттік атауға өзгерту жүргізілген. Соның барысында стер – глостер, честер – (Винчестер) жалғаулары пайдаланылған. Бұл өзгерістер туралы мәселені ескермей қала атауларының мәні мен ерекшеліктерін айқындау мүмкін емес.

      Германиялық СКАЧАТЬ