Название: Қосалқы тарихи пәндер. І бөлім
Автор: Тұрғанжан Төлебаев
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 978-601-04-0107-5
isbn:
Осы орайда қазақ шежіресі қазақ антропонимдерін әр ғасыр бойынша синхронды қалпында түзуге дес беретін және мұның өзі тарихи кезеңдердің барша болмысын антропонимдік деңгейде айқын бажайлауға қолайлы мүмкіндік тудыратынын айрықша қызығушылықпен атап өтуге болады. Мұндай мүмкіндікке әлемдегі кез келген халықтың қолы жете бермейді. Өйткені әлемнің біраз халқы жазба мәдениетінің байырғылығын лайықты түрде мерей-мәртебе тұтқанымен, генеалогиялық жады (память) тұрғысынан келгенде қазақ халқымен өрелесе алатындары некен-саяқ.
Мұндай ойдың жосығын жүзеге асыруға бір табан жақын тұрған зерттеуші – Асқар Жағыпарүұы Смагұлов деп білемін. Өйткені оқырман қолындағы кітаптың ауқым-өресі қазақ антропонимдерін тарихи-синхронды кезеңдер бойынша жаңғыртпалауға (реконструкциялауға) мүмкіндік беретін ұрымтал баспалдақ екені ден қойдырады. Автор аса ауқымды еңбек бітірген. Бұл кітап есімдер де ел байлығы екенін нақты сезіндіруімен қадірлі. Кейінгі ғасырда, әсіресе ХХ ғасырдың екінші жартысынан бері қарай әлемдік унификациялану әсері қазақ есімдеріне де аз тимегенін, қазірдің өзінде ұл-қыздарымызға ат қойғанда айналасы әрі кетсе жүз шақты атты айналшақтап жүре беретінімізді ойласақ (өзге ұлттарда бұл орайда қиял қанаты тіпті де қусырылып қалган) Асқар Смагұловтың кітабы халқымыздың ат қоюдағы ғажайып фантазиясын сырлы сандықты айқара ашып тастағандай танытуымен де қызықтырады.
№ 2. Жарасбай Сүлейменовтың төмендегі мақаласы бойынша тапсырмалар:
1. Қазақстандағы жер-су, елді мекендер атауларының мәні мен маңызы туралы не дейді? Сенің алып-қосарың бар ма?
2. Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейінгі кезеңдегі қазақ топономикасындағы өзгерістер, олардың қажеттілігі жөніндегі автордың пікірлері? Оған сенің көзқарасың қандай?
3. Қазақ топономикасын қалпына келтірудің қажеттігі туралы не делінген? Оған алып-қосарың бар ма? Сен бұл бағытта не істер едің? (жазбаша).
«Ономастика» деген гректің сөзі «орын», «жер», «атау» дегенді білдіретінін еске салсақ, ежелгі мекені – сайын дала, төсегі – жасыл жайлау, көк майса, көкорай шалғын, көрпесі – көк аспан болған көшпенділер, оның ішінде қазақтар үшін бұл сөздің мәнмағынасы тіпті терең, ауқымы тіпті кең. Ұлы жазушымыз Мұхтар Әуезов: «Біздің қазақ – жер аты, тау атын әманда сол ортаның сыр-сипатына қарай қоя білген жұрт. Қайда, қандай бір өлкеге барсаң да жер, су, жапан түзде кездескен кішкене бұлақ атының өзінде қаншама мән-мағына, шешілмеген құпия сыр жатады» десе, халқымыздың біртуар перзенті Шоқан Уәлиханов: «Көне түркі салт-сана, әдет-ғұрпының қаймағы бұзылмаған қазақтарда өмірдің бір саласын қамтитын тарихи оқиғалармен байланысты жер-су атаулары, адам аттары, тағы да басқалары есте сақталып, атадан СКАЧАТЬ