Название: Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945)
Автор: Амангелді Әліпбаев
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 9965-30-475-0
isbn:
1925 жылы Германияның тұңғыш рейхспрезиденті социал-демократ Ф.Эберттің қайтыс болуына байланысты көктемде өткен президенттік сайлауы өте қатал сипатта өтті. Күрес оңшыл партияларының өкілі Пауль фон Гинденбург пен Веймар коалициясының өкілі Вильгельм Марк арасында болды. 1925 жылы 26 сәуірде бұрынғы фельдмаршал Пауль фон Гинденбург Германияның рейхспрезиденті болып жарияланды. Үкіметтің саясаты негізінде рейхсвер саны көбейтілді (350 мыңға дейін), әскериленген одақтар құрылды. Германияның билеуші топтары герман әскерін қайта қаруландыру және әскери-теңіз флотын салу бағдарламасын жасады.
Бірақ таптық көтерілістер мен ереуілдерді буржуазия толығымен баса алмады. Жұмысшылар 8 сағаттық күні үшін, еңбек жағдайының жақсаруы үшін үкіметке қарсы талаптар қойды. Тұрақтану кезеңінде буржуазияға қарсы ГКП жұмысшы табының бірігуіне көп күш салды.
1928 жылы өткен рейхстаг сайлауы, Германияның өте қиын саяси жағдайда тұрғандығын көрсетті. Нәтижесінде социал-демократтар 9,1 млн дауысты жинап, басым түсті. Социал-демократ Герман Мюллер басқарған коалициялық үкімет құрылды. Веймарлық республиканың бұл кезеңі 1929 жылдың қазан айының аяғында басталған әлемдік экономикалық дағдарыспен аяқталады.Веймарлық республиканың соңғы кезеңі елдегі экономикалық жағдайдың нашарлауымен, жұмыссыздықтың кең етек алуымен және демократиялық негіздің күйреуімен сипатталады.
Веймарлық республиканың күйреуі де 1929 жылғы әлемдік экономикалық дағдарыстан басталды. 1929 – 1933 жылдары әлемдік экономикалық дағдарыс герман экономикасының әлсіреуіне алып келді. Бұл алдымен оның шетел капиталына тәуелділігімен түсіндіріледі. Дағдарыс салдарынан машина құрылысы, тау-кен өндірісі, құрылыс материалдарын жасау, кеме құрылысы, көмір өндіру қысқарып кетті. Сыртқы сауда 60 пайызға қысқарды. Валюта қайта құнсызданды; бірнеше банктер бос қалды. Жұмысшылардың жағдайы күрт төмендеді: 1932 жылы елде 8 млн жұмыссыздар болды; жұмысшылардың жалақысы 42 пайызға қысқарды; жүздеген мың шаруа қожалықтары өз жұмыстарын тоқтатты; мыңдаған қолөнершілер мен саудагерлердің жағдайы да осы іспеттес еді.
Дағдарыс кезеңінде жеңімпаз мемлекеттер Германияның репарация төлеуінің жаңа «Юнг жоспарын» жасаған болатын.
Бірінші дүниежүзілік СКАЧАТЬ