Название: Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945)
Автор: Амангелді Әліпбаев
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 9965-30-475-0
isbn:
Жалпы, Германиядағы революциялық ахуал жұмысшы табының өз үкіметін орнатуға әлі ұйымдаса алмағандығын айқындады.
Француз-бельгиялық үкіметтің Рур өңірін басып алуы Германияның өндірістік дамуына аса зор кедергісін тигізді. Елдің қаржылық жағдайы күрт кемиді. 1913 жылмен салыстырғанда елдің сыртқы саудасы 50 пайызға төмендеді. Ұсақ кәсіпорындар күйзеліске ұшырады. Орталықтанған өндіріс орындары күшейді. Көмір, темір, темір өңдеу, қалайы өңдеу, машина құрылысы салаларында үлкен біріккен алпауыттар пайда болды. Жұмысшылардың жағдайы одан әрі нашарлай берді. Осы жағдайлар экономикалық және саяси дағдарыстан шығуды қиындатты.
Веймарлық республиканың тарихындағы екінші кезең 1923 жылдың аяғында басталып, 1929 жылдың аяғына дейін созылды. Бұл кезең экономикалық тұрақтанумен және ішкі-сыртқы саясаттағы саяси бірігумен сипатталады. Бұл кезеңді сондай-ақ «Штреземанның дәуірі» деп те атайды. Густав Штреземан 1923 жылы канцлерліктен кеткенмен, 1923 жылдан 1929 жылы қайтыс болғанға дейін Германияның Сыртқы істер министрі болды. Осы кезеңдегі қызметінде Германияның Франциямен өзара түсіністігінің орнауына, Локарно келісімдеріне келуге (Германияның батыс шекарасының мызғымастығы мен Рейн өңірінің демилитаризациялануын сақтауға), 1926 жылы Ұлттар Лигасына Германияны қабылдауға, Бриан-Келлог пактісіне қол қоюға (ұлттық саясаттың құралы ретінде соғыстан бас тарту жөніндегі 1928 жылғы келісімшарт) көп еңбек сіңірді.
Германия Локарно мәслихатынан кейін алғаш рет Франциямен тең дәрежеге қол жеткізді. Германия Ұлттар Лигасына мүше болған кезден бастап Локарно мәслихатының шешімдері өз күшіне енді. Германия Англия мен Франциядан Лига Жарғысының 16-бабына сәйкес КСРО-ға қарсы әскери қимылдарға қосылмауына рұқсат алды. Алайда, ол егер қаласа СКАЧАТЬ