Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945). Амангелді Әліпбаев
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945) - Амангелді Әліпбаев страница 21

СКАЧАТЬ ағаш өңдеу өнеркәсібінің 40 пайызын жоғалтқан. Чехословакияны енді мемлекет ретінде жоқ десе де болады. 1939 жылдың 15 наурыз күні германдық әскер Чехословакияны толығымен жаулап алды. Ұлы державалар бұл жолы да Германияның бұл ісіне қарсылық білдірген жоқ. Чехословакияны жаулаудың нәтижесінде Германияның өндіріс өнімдері тез өсті. Олар көмір, графит, марганец рудасын, күкірт колчеданын алды. Әлемдік нарықта Германия алдыңғы орынға ие болды.

      Англия және Францияның билеуші топтары фашистік Германияның басқыншылық жоспарларының жүзеге асуына қарсылық жасай алмады.

      1939 жылы неміс әскері Чехословакияны басып алғаннан кейін үш күн өткен соң КСРО тарапынан Бухаресте алты мемлекеттің – Франция, Ұлыбритания, Польша, Кеңестер Одағы, Румыния және Түркия арасында Гитлерді тоқтату мақсатында «бейбіт майдан» құру жөнінде мәслихатқа жиналуға ұсыныс жасалды. Бұл ұсыныс ағылшын-француз тарапынан қолдау таппады. Англия мен Франция 15 сәуірде Мәскеуге өздерінің алғашқы ұсыныстарын жасап, КСРО тарапынан Польша мен Румынияға көмек беруге дайын екендігін мәлімдеуін өтінеді. Ұжымдық қауіпсіздікті ұйымдастыру мақсатында 1939 жылдың көктем-жаз айларында Англия мен Франция Германияның саясатына қарсы екендігін білдіріп, КСРО-мен келісімге келуге талпынғанымен, бұл шаралар нәтижесіз аяқталды.

      1939 жылдың 22 мамырында Италия мен Германия арасында ашық әскери одақ жөніндегі келісімге қол қойылады («Болаттай берік пактісі»). Шарт бойынша екі елдің біреуі үшінші елмен соғыс жағдайына килігетін болса, онда бір-біріне барлық әскери күшпен көмектесуге тиіс болды.

      1939 жылдың 23 тамызында КСРО мен Германия басшылығы екіжақты тиімді келіссөздердің нәтижесінде шабуыл жасаспау туралы келісімшартқа қол қойды. «Келісімшарттың «Құпия қосымша хаттамасы» бойынша Шығыс Еуропа аумағы екі елдің ықпал ету аймағына бөлінді. Аймақтық-саяси қайта құру жағдайында Финляндия, Эстония, Латвия және Литва өңірлері Германия мен КСРО-ның бірдей мүдделік шекара аумағы болып табылады. Ал Польша мемлекетінің өңірін аймақтық-саяси қайта құру жағдайында Германия мен КСРО-ның мүдделік шекара аумағы Нарева, Висла және Сана өзенінің бойымен өтуі мүмкін деп белгіленді. Яғни құпия келісім бойынша Батыс Украина, Батыс Белоруссия, Финляндия, Латвия және Бессарабия КСРО-ға, Литва Германияға өтетін болды.

      Германия 30-жылдардың аяғындағы өзінің сыртқы саяси басқыншылығының нәтижесінде экономикалық қуатын нығайта түсті. Германдық капитал іс жүзінде Империялық несиелік қоғамның нұсқауларын жүзеге асыра бастады. Фашистік Германияның Австриялық металлургиялық өнеркәсіпті қосып алуы арқылы круптық зауыттардың үлес салмағы өсе түсті, ал Германияның аумағы 17 пайызға, халық саны 10 пайызға ұлғайды.

      Чехословактық экономикалық қуатты жаулап алуы және оны игеруі белгіленген жоспар бойынша өте мұқият жүргізілді. Яғни 1939 жылдың 15 наурызында Германия өте қуатты металлургиялық тірекке ие болған еді. Ал СКАЧАТЬ