Название: Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945)
Автор: Амангелді Әліпбаев
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 9965-30-475-0
isbn:
Соғыс кезеңінде салық 5 есе өсіп, жұмыс күні 12-14 сағатты құраған. Тек қана жұмысшылардың ғана емес, шаруалардың да шаруа қожалықтары шығынға ұшырап, егіндік алқаптары жартылай қысқартылды. «Жалпыға бірдей еңбек салығы» енгізілгеннен кейін жұмысшылардың жағдайы тіпті, төмендеді. Германияның езілген халқы соғыстан жалығып, оның тезірек аяқталуын қалады. Осы жағдайлар бұқара халықтың басым бөлігінің соғысқа қарсы және революциялық қозғалыстарға қатысуына негіз болды. Революциялық көңіл-күйдің күшеюі, соғыстың басқыншылық сипатта болуының ашылуы – орыс-герман майданындағы жауынгерлердің соғысқа және оны бастаған күштерге қарсы шығуына түрткі болды. 1917 жылғы сәуірде Ресейдегі ақпан революциясының көрінісі ретінде Берлин және Лейпциг әскери зауыттарында ереуілдер болды. Шілде-тамыз айларында герман флотының теңізшілері көтеріліске шықты. Германияның Социал-демократиялық партиясының (ГСДП) өз ішіндегі дағдарысы күшейді. ГСДП-ның социал-шовинистерінің басшыларының жүргізген саясатынан күдер үзген көптеген партия мүшелері оның құрамынан шығып кетті.
1917 жылғы сәуір айында орталық ағым толығымен партия құрамынан шығып, өзінің жеке тәуелсіз социал-демократтар партиясын құрады (ТСДП). Партия басында орталық ағымның басшылары – К. Каутский, Г. Гаазе, Дитман тұрды. Олар тек сөз жүзінде ғана марксистік бағытты ұстанып, іс жүзінде бұрынғы оппортунистік саясатын жалғастырды. Шын мәніне келгенде ТСДП-нің құрылуы коммунистік партиялардың құрылмауына бағытталған болатын. Солшыл социал-демократтар (К. Либкнехт, Р. Люксембург, Ф. Меринг,т.б.), 1916 жылы «Интернационал» тобына бірігіп (кейін «Спартак» атанды), ТСДП қатарында қала берді. Революцияны, интернационалдық ағымды дамытуға көп үлес қосса да, «спартактықтар» әлі де идеясын, жеке коммунистік партия құру ілімін дұрыс түсінбеді. Бірақ бұл ілім олардың ақыл мен жүрегін барған сайын жаулады.1917 жылы Берлин жұмысшылары салтанатты шерулер өткізіп, өздерінің Кеңестік Ресейге қолдау беретінін және бейбітшілікті талап ететіндерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда «спартактықтар» және басқа солшыл социалистер бастап, 1 млн жұмысшылары қатысқан, Кеңестік Ресеймен бейбіт келісімге келу және кайзерлік үкіметті жоюды талап еткен күшті саяси ереуіл өткізілді. Олар, яғни жұмысшылар саяси тұтқындарға рақымшылдық жариялауын, мемлекеттік биліктің демократизациялануын, тұрмыстық жағдайдың түзетілуін талап етті. 1918 жылы әскер қатарларында ірі СКАЧАТЬ