Название: Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945)
Автор: Амангелді Әліпбаев
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 9965-30-475-0
isbn:
Фашистік қозғалыстың нығая түсуінен қауіптенген коммунистік партиялар фашистік қозғалысқа қарсы майданға біріге бастады. 1930 жылы ГКП «Неміс халқының әлеуметтік және ұлттық азаттығы» бағдарламасын жариялауының мақсаты ондағы неміс халқының өмірін түп-тамырымен өзгерту еді. Компартия фашизмге қарсы күреске шаруаларды да тартуға тырысты. 1931 жылы ГКП «Шаруаларға көмек беру» бағдарламасын қабылдап, онда ірі жер иелерінен жерді шаруаларға бөліп беру қажеттілігін мәлімдеді. Бұл құжаттар жұмысшы табының және демократиялық күштердің бірігуіне негіз болды. Оңшыл социал-демократтық партиясының жетекшілері бейтараптық саясат ұстанды. Президент сайлауы нәтижесінде елдің президенті болып, фельдмаршал фон Гинденбург сайланды. Сайлаудан кейін Пауль фон Гинденбург Франц фон Папенге үкімет құруды тапсырды. Папен үкіметінің әлеуметтік саладағы басты шараларының бірі салықты ұлғайту, әлеуметтік жәрдемақы мөлшерін азайту, айлық еңбек жалақысын 50 пайызға төмендету болды. 1932 жылы жұмысшылар Папен үкіметінің осы бағыттағы аса маңызды деректеріне қарсы шықты.
Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:
1. Бірінші дүниежүзілік соғыс Германия халқының әлеуметтік жағдайына қалай әсер етті?
2. Веймар Республикасының құрылу үрдісі қалай жүзеге асты?
3. Веймар конституциясының маңыздылығы қандай?
4. Версаль бейбіт бітімінің Германияның саяси-экономикалық жағдайына тигізген әсері қандай болды?
5. Фашистік қозғалыстың пайда болуының себебін айқындаңыз.
2.2. Германиядағы фашистік билік саясаты және екінші дүниежүзілік соғыс
1932 жылы 6 қарашада Германияда жаңа рейхстаг сайлауы өтті. Сайлауда басым дауысқа фашистік партия – 11,7 млн, социал-демократтар – 7,2 млн, коммунистер – 5,9 млн дауысқа ие болды. Сайлаудан кейін үкімет басына генерал Шлейхер келді. Ол Папен үкіметінің төтенше қаулыларының салдарын жеңілдетіп, бұқаралық қозғалыстың өршуін бәсеңдетуге талпынғанымен, еш нәтиже шығара алмады. Өнеркәсіп және қаржы алпауыттары елде қатаң биліктің үстем етуін талап етті. Өнеркәсіп және қаржылық алпауыттарының атынан Ялмар Шахт пен Курт фон Шредердің ұсынысымен президент фон Гинденбургке меморандум жолданды: «Жоғары мәртебелі … елде ең қуатты ұлттық күштен қолдау табатын кабинет құруыңызды сізден өтінуді өзіміздің ар-намысымыздың парызы деп есептейміз… ең ірі ұлтшыл ұйымның көсеміне президенттік кабинетке жетекшілік ету қызметін беру қазіргі сәтте шет қалған миллиондаған адамдардың ынтымақтасуына әкеледі…».
1933 жылы 30 қаңтарда Германияның президенті фон Гинденбург Адольф Гитлерді Германияның рейхсканцлері СКАЧАТЬ