Название: Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945)
Автор: Амангелді Әліпбаев
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 9965-30-475-0
isbn:
А. Гитлер Германияның сыртқы саясатын жүргізуге аса үлкен мән берді. Сыртқы сасат істерімен фашистік партияның сыртқы саясат бөлімі, Сыртқы істер министрлігі шұғылданды. Сыртқы саясат мәселелерін құра отырып, өзінің «Майн Кампф» кітабында Гитлер: «Германия әлемдік держава болады»,–деп жазған еді. Германия тек КСРО-ға қарсы соғысқа дайындалған жоқ, олар барлық әлемге қарсы күреске дайындалды. Ең алдымен, гитлершілер неміс қаны тамған Австрия, Саар, Лотарингия, Люксенбург, Бельгия, Голландияны алуға тырысты.
Батыс державалардың қолдауын пайдалана отырып, 1933 жылы 14 қазанда фашистік Германия Ұлттар Лигасынан шықты. 1934 жылы 26 қаңтарда Польшамен шабуыл жасаспау туралы келісімге қол қойды. 1934 жылы Венгриямен жарысып келіссөздер жүргізуді бастады. Экспорт және импорт алмасу мәселелері қарастырылды. Батыс мемлекеттері фашистердің басқыншылық әрекеттеріне барлық жағынан әсер етті. 1933 жылы Римде «күш қолданбау пактісіне» Ұлыбритания, Германия, Франция, Италия қол қойды. Бұл «аншлюс» сол кезде-ақ Австрияға қауіп төндірді. 1935 жылы фашистер Германия үшін әскери және экономикалық маңызды Саарды басып алды. Саарды жаулап алғаннан кейін-ақ кек қайтаруды күшейтті, Германияның көршілеріне, әсіресе, Франция, Польша мен Чехославакияға бағытталды.
1935 жылы 16 наурызда Гитлер жалпы әскери бағыныштылықты енгізді. Саны 500-600 мың адам тұрақты әскер құрып, 1500 ұшақтан тұратын әуе флотын және күшті әскери-теңіз флотын құрды. Олар жаңа құрылған әскер тек қорғаныс мақсатында ғана қызмет атқаратындығына сендірді. Германиядағы милитаризацияның аяқталуы тек шығыс мемлекеттеріне ғана емес, сонымен қатар басқа елдерге де қауіп төндіретініне қарамастан, батыс мемлекеттерінің үкіметі фашистік үкіметтің саясатын барынша қолдады. Тағы да Англияның алдағы саясаты дұрыс бағытталмауы ағылшын-германдық теңіз келісімін жасауы болды. Келісім бойынша 35 пайыз көлемінде суүсті флотын, 45 пайыз суасты флотын ұстауға рұқсат алды. 1936 жылы наурызда Германия Рейн кепілдік пактісін жойып, Версаль бітімшартын және 1925 жылы қабылданған Локарно келісімін бұзып, оның әскерін деммилитаризацияланған өңіріне кіргізеді. 1931 жылы сәуірде СКАЧАТЬ