Название: Еуропа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы (1918-1945)
Автор: Амангелді Әліпбаев
Издательство: КазНУ
Жанр: Зарубежная образовательная литература
isbn: 9965-30-475-0
isbn:
Фашистік партиялардың жетекшілері өндіріс және қаржы корпорацияларының ірі орындарына ие болды. Елдің саяси өмірі де қайта құрылды. Заң Германияда тек бір ұлттық социалистік партия болуына мүмкіндік берді. Жұмысшылар еріксіз «Герман еңбек майданына» бірікті. Қорқыту және қорлау аппараты ұйымдастырылды, Құпия мемлекеттік полиция (гестапо (Gestapo) – Geheimen Staatspolizei), қорғау бөлімшелері (SS – Schutzstaffel), шабуыл жасайтын бөлімшелері (SA – Sturmabteilung), қауіпсіздік қызметі (SD – Sicherheitsdienst) құрылды. Бүкіл ел әскери лагерьге айналды. Фашистік тәртіп кезінде жұмыс күні 12-14 сағатқа ұзартылды. Ауылды жерлерде фашизм саясаты шаруалардың жағдайының нашарлауына алып келді. Фашистік (нацистік) ілімнің ең басты құрамдас бөлігі – нәсілшілдік ілімі, ұлтшылдық, шовинизм болды. Немістер – «арийлік» нәсіл, олар барлық нәсілдерден жоғары тұрады делінді. Негізгі ілімі: Германияның құрлықтық Еуропадағы үстемдігі; Барлық неміс тілінде сөйлейтін халықтар мен ұлттарды Германия империясына шоғырландыру; Германияның ортақ иеліктерін кеңейту болды. Фашистік ілімді мектептер мен университеттерде насихаттауға көп көңіл бөлінді. Сонымен қатар фашистер герман халқының мәдени мұрасына қарсы әрекеттер бастады. Ұлы жазушылардың шығармалары өртелді. Мыңдаған ірі ғалымдар мен өнер иелері елден қуылды.
1933–1935 жылдары. фашистік үкімет бүкіл экономиканы бір орталықтан басқару жүйесіне біріктірді. Бұл бір ғана мақсатқа – елдің экономикасын соғысқа дайындау мақсатына бағытталды. 1936 жылы Нюрнбергте өткен фашистік партиясының съезінде Гитлер 4 жылдық жоспар қабылдады: «1. Герман әскері толық әскери дайындыққа келтірілуі керек. 2. Германия экономикасы соғысқа бағытталып қайта құрылуы қажет болды.
Сондықтан бұрын монополияларға қосылмаған жеке кәсіпорындарды біріктіруге мәжбүр етті. 1932–1939 жылдар аралығында Германия 15 698 мың тонна шикізат тауарын ішке тасымалдады.
1933 жылы Америка әскери концерні Дюпон де Немурдің Германияға қару шығару туралы келісімге қол қоюы Версаль бейбіт келісімінің 170-бабын бұзғандық еді. Гитлершілдерге ағылшын алпауыттары да үлкен белсенді көмек көрсетті. Ағылшын-америкалық көмек пен соғысқа бағытталған экономиканың кейбір даму көрсеткіштері жағынан Германия Еуропаның капиталистік елдерін қуып жетіп қана қоймай, алға озып шықты. Мысалы, Германиядағы көмір шығару 1935 жылы 143 мың т. болса, Францияда 46 мың т. болды. Германия 16 096 мың т. қалайы өндірсе, Францияда бар жоғы – 6 277 мың т. құрады. Осындай мысалдар көп болды. Германияда1934 жылы 840 әскери және 1128 азаматтық ұшақтар болса, 1939 жылдары әскери ұшақтар саны 4733, азаматтық ұшақтар саны 3562 жетті.Ауыр индустрияның СКАЧАТЬ