Название: 1920-1930 жылдардағы Қазақстан халқы
Автор: К. А. Саркенова
Издательство: КазНУ
Жанр: История
isbn: 9965-29-641-3
isbn:
Қырғыз (Қазақ) автономиялық республикасына қарасты Орынбор-Торғай губерниясы төрт: Қостанай (Семей губерниясы, Петропавл уезінің Қостанай бөлігі); Торғай (Торғай мен Ырғыз уездері); Ақтөбе (Ақтөбе, Темір және Адай уездері) және Орынбор (бұрынғы шекара шеңберінде қалдырылды) губернияларға бөлінді.
Қырғыз (Қазақ) автономиялық республикасы мен Сібірдің Омбы уезі (Есілкөл станцасы Қазақ АКСР-і аймағында қалдырылды) аралығында шекара белгіленді. Шекара сызығы Петропавл арқылы Есілкөл станцасынан шығысқа қарай, одан әрі Кіші Қараой, Їлкен Қараой көлдері, Қара Терек шатқалынан солтүстікке қарай, яғни орыс болыстықтарының оңтүстік шекарасы арқылы Ертістегі Черлак станицасына (Қазақ АКСР-інде қалдырылған) жүргізілді. Қырғыз (Қазақ) автономиялық республикасының Орынбор-Торғай губерниясы (РКФСР БОАК-нің 1921 жылдың 28 мамырындағы қаулысының өзгеруіне байланысты) үш губернияға – Орынбор (Ор және Орынбор уездері), Ақтөбе (Ақтөбе, Ырғыз, Темір, Ойыл уездері), Қостанай (Торғай, Қостанай Всехсвятск ауданымен бірге (РКФСР БОАК-нің 1921 жылдың 8 желтоқсанындағы қаулысына сәйкес) бөлінді. Сонымен, жаңа әкімшілік бөлініс (1924 жылдың 14 қаңтарына дейін екенін ескеру қажет) мына құрамда бекітілді:
Дерек: Сулькевич С.И. Административно-политическое деление строения СССР. – Л., 1926. – С. 161 – 162.
Ұлттық-аумақтық құрылыс саласындағы басты оқиға – 1924 жылғы Орта Азиядағы ұлттық межелеу. 1924 жылы қыркүйекте Түркістан республикасы ОАК-нің сессиясы Жетісу мен Сырдария облыстарына Түркістан АКСР-і құрамынан шығып, Қазақ АКСР-іне бірігу құқығын берді. КСРО БОАК-і Түркістан ОАК-нің қаулысын мақұлдады. Сонымен, 1924 жылы қарашада Қазақ АКСР-і республикаға қайтарылған аудандарды қабылдау туралы Ревком құрды. Оған әкімшілік, территориялық және СКАЧАТЬ
79
Образование КазАССР. Сборник документов и материалов. – Алма-Ата, 1957. – С. 251 – 256.