Название: Шежірем сыр шертсе
Автор: Тажис Мынжасар
Издательство: SelfPub.ru
Жанр: История
isbn:
isbn:
Осы ретте бір айта кететін жайт, арамызда ғылыми деректерге терең бойламай, мәліметтерін қайдан алғандарын өздері де анық білмейтін, жаңағы біз тілге тиек еткен тарақты мен тобықтыны арғын емес деп көпе-көрнеу босқа даурығушылар бар.
Жоғарыда айтып кеткендей, Тарақтының қыздың баласы, жиен екендігі рас. Бірақ қалың арғын бас қосқан үлкен жиында дәстүр бойынша боз биені сойдырып, қолына жілік ұстатып, өз баламыз деп атағасын, ал кейін аз болғандай оны жай емес, арғынның "ноқта ағасы" деп жариялағасын оны бүгін арғын емес деп қалай айтпақпыз. Әлде ертеде өтіп кеткен ақсақалдар бас қосқан сол алқалы жиын шешіміне сенімсіздік білдіріп, оны бүгін жоққа шығаруымыз керек пе екен? Әуелі, бақадай басымызбен, тұрымтайдай тұсымызбен талай ғасырлар өтіп кеткесін өйтуге бүгін біздің қақымыз бен құқымыз бар ма екен, соны ойланбаймыз ба? Ұлы жүзде жалайыр жоқта бас ұстайтын сарыүйсін де, кіші жүзде адай да осындай қыздың балалары. Бірақ соған қарап оларды ешкім ұлы жүз немесе кіші жүз емессің деп айтып жүрген жоқ ғой. "Аспанда құдай, ортада адай, жерде мұнай" дейтін адуынды адай ағайындарға кіші жүз емессің деп бетіне басып айтып көріңізші, не дер екен сізге.
Сол сияқты біз білетін тарих, шежіреден әкесі мен анасы анық белгілі арғынның тобықтысын да қай дерекке сүйеніп бөтен дейтіндері түсініксіз. Ондайларға сонша білгір болсаңдар тарақты мен тобықтының әке-шешесінің атын атап, түсін түстеп, қайдан, кімнен тарайтындықтарын, егер олар алты арыс орта жүзге кірмесе, онда қай жүзге, оның қай ру-тайпасына қарайтындықтарын анық айтып берер, қарсы қояр уәждерің қайсы демекпіз? Әлде олар жүздерге кірмейтін рулардан ба екен? Ондай да дәлелдері жоқ. Ендеше, алдымен ғылыми негізі бар дәйекті деректерді тауып алып ұсыныңыздар дейсіз. Ал ондайларыңыз болмаса, онда несіне сонша қызылкеңірдек болып босқа дауласып, таласасыздар, әлде бұл "атың шықпаса жер өрте" дегеннің кебі мен кері ме екен дегіміз келеді. Ал негізі тарақты мен тобықтының арғын екендігін не еместігін олардың өздерінен басқа кім айтып, кім шешпек? Өзге ешкімге ондай құқық берілмесе керек. Менің бабаларым арғынның тобықтысынан деп сөйлейтін ұлы Абай мен ол турасында «Абай жолы» атты өлмес туынды жазып кеткен ұлы Мұқтардан артық оны кім білмек?
Тобықтының Арғын тайпасының үлкен руы екендігі, ұраны–арғындікіндей Ақжол, таңбасы қоскөз – екендігі Тобықты" мақаласында да жазылған (Қазақ Совет энциклопедиясы. Алматы. 1977 ж. 11 т. Тобықты. 70 б.).
Реті келіп тұрғасын айта кеткен жөн шығар, кейде Елбасы есептерінде еліміздің алдыңғы қатарлы кәсіби орындары санатында ауызға алып жүрген, сонау тоқырау жылдары қолдан-қолға өтіп, жоқ болып, жойылып кетуге шақ қалған өзім істейтін химия алыбын өз қолына алған, сөйтіп қайраңнан шығарып, аман сақтап қала алған, содан бері оны үзбей, үздік басқарып келе жатқан, Мұқаш Зұлқарнайұлы СКАЧАТЬ