Шежірем сыр шертсе. Тажис Мынжасар
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Шежірем сыр шертсе - Тажис Мынжасар страница 30

Название: Шежірем сыр шертсе

Автор: Тажис Мынжасар

Издательство: SelfPub.ru

Жанр: История

Серия:

isbn:

isbn:

СКАЧАТЬ үзіндісінен де, кейінгі мақала түзіндісінен де ұғатынымыз, «жүз» сөзінің астарында, Қарағұлұлы айтпақшы, сандық мән емес, заттық мағынаның жатқандығы. Түйгеніміз, қазақтың ру-тайпалық «жүздері» сол көне «йоздерден» бастау алатын бірлестіктер емес, өз дәуірінде қазақ хандары мен билерінің ұшы-қиыры жоқ ұлан-ғайыр сағымдай созылған сары даланы мекендеген сансыз көп ру-тайпаларды билеп-төстеуді жеңілдету үшін, әсіресе соғыс-түйіс кезінде «бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара» тез ұйымдасып, жұмыла әрекет, қимыл жасау үшін ескіден еске түсіріп қолданылған әкімшілік басқару жүйесінің бір көрінісі десек шындыққа жақындай түсетін секілдіміз.

      Қазақ хандарына дейін де дала сахарасының билік жүйелерінде жүздер деп аталмаса да жүздерге ұқсас, соларды елестететін түрлі ру-тайпалық бірлестіктер мен ұлыстар болғандығы белгілі.

      Шежіреші Зайыр Садыбековтің «Қазақ шежіресіндегі»: «Жүзқазақ болып қалыптасудан бұрын, «Дешті Қыпшақ» дәуірінде құралған аймақтық одақ. Оған біріккен тайпалардың бәрі бірдей бір атадан емес. Жүзкөне түркі тіліндегі «Дүз»(дала) деген сөзден шыққан. Қазақта «құла дүз» деген сөз бар. Ол құла дала деген мағынада. Бір деректе «Жүз» араб тілінде «бөлік» дегенді аңғаартады дейді. Қайткенде де «Жүздің» пайда болуына жүз-жүзден құралған әскерлерден шықты дегенге қарағанда аймақтық ұғым«Дүз» (Дала) деген сөз қолайлы сияқты. «Жүз»ойрат тілінде біртұтас нәрсенің бөлігі деген ұғымда. Жүзді Жошы заманында Үйсін Майқы би бөлген деген пікір шындыққа жақын. Себебі сол кездегі тайпалық ұлыстарды басқарған билердің ішіндегі атақ-абыройы мен лауазымы жоғарысы Майқы би еді. Ол Дешті Қыпшақтағы түрік-монғол жұртында мейлінше құрметке, сенімге ие болған адам. Сондықтан оның көзі тірісінде-ақ: «Түгел сөздің түбі бір, сөз атасы Майқы би»,– деген қанатты сөз айтылып жүрді.

      Майқы би Шыңғысханды ұлы хан етіп сайлаған 12 бидің бірі және бірегейі еді. Сол себепті Шыңғысханға қадірлі болды. Оның ел билеудегі ақылшысы еді. Кейде Шыңғысхан жорыққа аттанғанда өзінің орнына ел басқару билігін тек Майқы биге тапсырып кететін болған. Шыңғысханнан кейін ол Жошы ұлысының «Дешті Қыпшақ» бөлігін және Жошы әскерінің оң қанатын басқарған.

      Мемлекеттік, әскери құрылысты жақсы білген ол сол кездегі «Дешті Қыпшақ» одағының басқару ісін жақсарту мақсатында ұланғайыр жерді алып жатқан тайпалардың ішкі-сыртқы маңызды істерін өздеріне тән жағдайға байланысты шешу үшін биліктің тізгінін бөлісуі–асқан білгірлік және табиғи нәрсе.

      Жүзге (аймаққа) бөлу, ондағы тайпалардың ежелден келе жатқан жер жатысының, өмір тіршілігінің, дәстүрлерінің сыбайластығына қарай жүргізілген. Сонымен қатар Майқы би әр жүзге ұран мен таңба және олардың Ноқта ағасын белгілеп берген. Ұран мен таңба жүздер ішіндегі тайпалар мен руларды біріктіріп, олардың одағын нығайтуға бағытталды. Ұлы жүзге және бүкіл қазақ тайпасына Ұлық (Ноқта аға) етіп Жалайырды, Орта жүзге Арғынды, Кіші жүзге Алшынды ұлық СКАЧАТЬ