Название: Шежірем сыр шертсе
Автор: Тажис Мынжасар
Издательство: SelfPub.ru
Жанр: История
isbn:
isbn:
Төрелерміз деп өздерін тек бұлар ғана емес, Шыңғысханның өзге ұлттар құрамындағы ұрпақтары да «бабамыз нұрдан жаралған» деп өздерін дала ақсүйектері санатына жатқызады (Д-р. Эренжен Хара-Даван–Чингис-хан как полководец и его наследие. Алматы. Из-во "КРАМДС–Ахмед Яссауи. 1992 г.) Ал төлеңгіттер жайлы айтар болсақ, Зайыр Сәдібеков өзінің «Қазақ шежіресінде» бұл туралы:«Қазақ сұлтандары мен хандарының көрші-қолаңы, малайлары мен шабармандарынан тараған ру. Бұлардың көпшілігі ертедегі жаугершілікте қолға түскен әр түрлі ұлттардың адамдары. Солар өз ара бір-біріне қыз беріп, қыз алысып Төлеңгіт руымыз деп өздерінше аталып кеткен. Төлеңгіт руы қазаққа не үш жүзге жатпайды. Төлеңгіттер Орал облысының Орда ауданын мекендейді»,-деп жазған (Төлеңгіт руы. 8 б.).
Ал Хамит Мадановтың «Кіші жүз шежіресінде» бұл жөнінде былай делінген: «…Төлеңгіттер Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз ру-тайпалары орналасқан жерлердің бәрінде де кездеседі. Сан жағынан аса көп болмағанымен, қауымдасып өмір сүріп, қай жерде кездессе де бір-бірін қандас, қарындас санап, қыз алыспай жүретін Төлеңгіттердің шығуы жайлы керағар пікірлер көп. Біреулер «Төлеңгіт» деген ханның төңірегіне жиналған қызметкері, ру емес деп бұра тартса, енді біреулері ол ертеде қалыптасқан, «Мерген» деген атадан руға айналған дейді». Ал шымкенттік зерттеуші Даниярбек Дүйсенбайұлы төлеңгіттердің тегін Үйсін бабамен байланыстырады. Оларды Үйсіннің қытайлық келіншегі Ля Руннан туған Төлеңгіт атты баланың ұрпақтары дегісі келеді. Сөйтіп оларды: төре-төлеңгіт, қалмақ-төлеңгіт, моңғол-төлеңгіт, сосын тағы біреуін келтіріп, төрт тармаққа бөліп жіктейді. Х.Мадановтың айтуынша төре-төлеңгіттер Көкшетау, Талдықорған, Шығыс-Қазақстан облыстарында қоныс тепкен.
Көне көз шежіреші қарияларға жүгінер болсақ, олар төлеңгіттерді сонау Шыңғыс ханның кезінде, соның төңірегінде топтасып, қалыптасқан дербес руға жатқызады. Біздер осы байламды қабылдауға бейімбіз.
Әйткенмен жүзге кірмейтін тайпалар саны бұл үшеуімен шектеліп қалмайды. Олардың қатарында көбіміз біле бермейтін өзге де біраз ру, жұрттар тобы бар. Мәселен, Ноғайлы (Ноғайты) руы. Олар XVII ғасырда Ноғай ұлысының соңғы ордасы Аштархан хандығы құлағаннан кейін қазақ жеріне келген. Сөйтіп тілі мен діні ұқсас қазақ руларымен араласып кеткен. Ал Алтай-Қарпық руы Алтай бөктерін мекендеген қарлұқтардың бір сынығы. Бұлай деп XVIII ғасырда қазақтар арасына СКАЧАТЬ