Название: Шежірем сыр шертсе
Автор: Тажис Мынжасар
Издательство: SelfPub.ru
Жанр: История
isbn:
isbn:
Сонымен әңгімеміздің 1 тараудағы кіріспе бөлімінде оқырман қауымға алдымен шежіре жөнінде жалпы мағлұмат беріп, осы түсініктің тарихына аздылы-кемділі болсын тоқталып кеттік. Тарихымызда мазмұндылығымен елеулі із қалдырған ірі-ірі деген шежірелер мен олардың авторларын атап өттік. Шежіренің жеті атадан басталатындығы баршаға аян. Сондықтан осы аттас келесі бөлімде бірқатар зерттеушілеріміздің осы мәселе жөнінде түйген ой-пікірлерін ортаға салдық. Өйткені біраз жұрт осы жеті атаны қалай, кімнен бастап санап, тарқату, оларды қалай атау керектігін әлі күнге дейін жетік білмей, шатастырумен жүр. Соларға бір септігі тисін деп ойладық.
Қай ел, қай халықтың тарихы жайлы сөз қозғамайық, оның алтын қазық арқауы, аттап өтуге, айтпай кетуге болмайтын тақырыбы қашанда оның ныспы, атауы емес пе. Атаусыз халық та, жер де, су да, ну да жоқ. Сондықтан шежіремізді ә дегенде осы үлкен мәселеден қарға тамыр қазағымның «қазақ» деген атауы мен оның шығу тарихынан бастағанды жөн көрдік.
Қазақ этнонимінің шығу тарихына "Қазақтар кімдер, қайдан шыққан?" деген 2 бөлімде тоқталдық. Шындығын айту керек, бұл бүгіндері үлкеніміздің де кішіміздің де, кәріміздің де жасымыздың да басындағы жағдай. Анасының құрсағынан ән мен күй, сөз қадірін ұғып туатын от ауыз, орақ тілді, бесіктен белі босамай жатып, жеті атасы мен ру, жүзіне дейін сүрінбей, судыратып тұратын қазағым, «ал қазақ кім, ол қайдан шыққан?» деп сауал қоя қалсаң кібіртіктеп, тосылып, жауап бере алмай қалатыны бар.
Өзге ұлт өкілдерінің біразы, мәселен, мұхиттың арғы жағын мекен еткен мексикалықтар біздің эрамызға дейінгі көне ацтек өркениетінен өрбитіндіктерін, ал тұрақтары бергі еуропалық материкте жатқан испандықтар мен португалдықтар, француздар мен швейцарлықтар біздің эрамызға дейінгі 2–1 мыңжылдықтар арасында қалыптасқан әйгілі алпілік кельт нәсілінен бастау алып тарайтындықтарын, ал германдықтар 4 ғасырдағы жауынгер гот тайпаларының ұрпақтары екендіктерін тарих бетіне тасқа таңба басқандай етіп, әлдеқашан жазып, қалдырып кеткені аян.
Алысқа бармай-ақ қояйық, қасымыздағы «төсекте басы, төскейде малы қосылған» орыс көршіміз, мәселен, өздерін 6–10 ғасырларда жасаған, древлян, поляндар болып екіге бөлінетін көне ильмендік словен тайпаларының алғашқы бұтағынан тарқайтындығын айтып келеді. Ал қазақтар ше? Қазақтар да бір түнде туып, бір күнде «қазақ» аталмаған шығар. Қазақтар да өзгелер сияқты мыңжылдық тарихы бар ел екендігі күмәнсіз. Шығу тегімізді зерттейтін этногенез ғылымы да осы пікірді ұстанады. Сондықтан жеті атасын сараптай білетін қазағым үшін қазақ атауының қайдан шыққандығын да білу керек ғой деп, шаң басқан сөрелерден қазақтар кімдер, қайдан шыққан деген сауалдарға жауап іздеп, көне жазулардан оқып-білгендерімізді шама-шарқымызша саралап, ортаға салдық.
Сонымен қатар Елбасымыздың 2012 жылдың желтоқсанында, сондай-ақ Қазақстан халқына жасаған кейінгі жолдау сөздерінде еліміз даму бағдарламасы бойынша ендігі 2025 жылға дейінгі аралықта алдыңғы қатарлы өркениетті елдердің тізімінде 50-ші орыннан 30-шы орынға дейін көтерілуі тиіс деп айтып кеткен, осыған орай «Қазақ елі» деп аталу мәселесін де көтерген сөздері бар. Егер бұйыртып «Қазақ елі» дел аталар болсақ, онда өркениетті еліміздің де, оны құрайтын титулды ұлт түлегі ретінде өзіміздің де неге «қазақ» аталғандығымыздың қыр-сырын білуіміз әбден-ақ керек шығар деп ойлаймыз.
Бұл орайда ғылыми құжаттармен қатар халқымыздың бай ауыз әдебиеті мен фольклорынан алынған үлгі үзінділеріне де сүйендік. Сөйтіп қазақ атауы тарихымызда Ұлы қоныс аудару заманынан кейін кеңірек белгілі бола бастағанын анықтадық. Бабаларымыз Алтай баурайынан ауа көшкен кездерінде-ақ ауыздарында қазақия атауы болған. Бұл деректер Қазақияның әлем аренасына шығу тарихын әрі қарай 5–6 ғасырларға қарай жылжыта түсті. Ал сол деректерден бағзы Қазақия мемлекетін құруға қатысқан көне алшын тайпалары атауларынан бүгінгі қазағымның құрамындағы өзімізге белгілі кіші жүздің белді руларының атын көріп отырмыз. Мұны қаймақсыз қара сөздермен емес, сүйекті, дәйекті дәлелдермен беруге тырыстық. Ғасырлар тереңіне қарай жылжуымызға орай Қазақия хақындағы мәліметтерімізді оқушы қауымға хронологиялық тәртіп бойынша жүйелеп бердік.
Тура биде туған жоқ демекші, қазағымның атауы мен тарихын ақ қаз бен қашақ ұғымдарына теңеп, көпе-көрнеу қате пікір айтқандар мен ұстанғандарды шындық үшін бетің бар, жүзің бар, атың бар, затың бар демей жаңсақ тұжырымдарын ащы да болса бетке басып, дәлелдеп айтуға тура келді. Осы ретте аты алты алашқа мәшһүр этнограф-ғалым Семёнов-Тяньшанскийдің (А.А.Семенов): «Бір жолғы көштен (actus) бір халық, оның ат-атауын тудыруға болмайды»,– деген аталы пікіріне қосыла отырып, бұл жайында толық болмаса да білгенімізше біраз дәйекті СКАЧАТЬ