Шежірем сыр шертсе. Тажис Мынжасар
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Шежірем сыр шертсе - Тажис Мынжасар страница 36

Название: Шежірем сыр шертсе

Автор: Тажис Мынжасар

Издательство: SelfPub.ru

Жанр: История

Серия:

isbn:

isbn:

СКАЧАТЬ жүздің Керей тайпасын құрады. Найман тайпасының Қаракерей руы, Кіші жүздің Төлеу руындағы Керейт атасы–ежелгі К. тайпасының ұрпағы. К-лердің ұраны–Ошыбай, Ашамай, таңбасы–×",– деп баяндалады (Бұл да сонда. Алматы, 1974 ж. Керей. 5 т. 390 б.). Әкелі-балалы, ерен еңбектері үшін Социалисті Еңбек Ері атанған Қабаш Қозыбаев пен ұлдары, шежіремізде еңбектерінен үзінді келтіріп, сілтемелер жасаған, президент кеңесінің белді мүшесі болған, тарихшы, академик ғалым Манаш пен Қазақстан журналистер Академиясының күні бүгінге дейінгі төрағасы, тарихшы, ғалым, жазушы, журналист Сағымбай Қабашұлдары осы керей жұртынан.

      Ал уақтар жайлы онда былай делінген: "Уақ– Орта жүз құрамына кіретін тайпа. Шежіре бойынша: Шоға, Сарман, Байназар, Сарыбағыш, Сіргелі, Еренші, Әлімбет, Бидалы, Жансары, Баржақсы, Шәйкөз руларына бөлінеді. Мұның соңғы төртеуін Ергенекті У. деп те атайды. Қазақ әңгімелері мен шежіре деректерінде У. аталарының бірі ретінде әйгілі Еркөкше батыр мен оның ұлы Ер Қосай батырдың аттары аталған. …Қазақ арасына кең тараған аңыз бойынша У. Керей тайпасымен туыстас. У-тың арғы атасының анасы ері Жаубасар өлген соң бір жылдан кейін әмеңгерлік әдет бойынша оның ағасы Ойшыбайға (Керейдің әкесі) тиеді. Сондықтан да У. Керейдің інісі болып есептеледі. Керей мен У-тың аталастығының тағы бір айғағы, олардың рулық таңбасының ұқсастығы, яғни "Ашамай таңба"(×) екеуіне де ортақ. У-тың алғашқы ата мекені Қазақстанның солт. шығысы мен Монғолияның батысы болса керек. Қазақ жеріне жоңғарлардың баса-көктеп еніп, алға жылжуының салдарынан У-тар өзінің ата мекенінен ығысып, солт. Тобыл және Үй ө-деріне, батыста Торғай өлкесіне, ал оңт. Арал теңізінің жағалаулары мен Сыр бойына да жетті. …20 ғ-дың басында Кіші жүздегі У-тың аздаған тобы Торғай обл-ның Ақтөбе және Ырғыз у-дерінде бытырап қоныс тепті. …Ұраны–Жаубасар, Бармақ, таңбасы–П× (босаға, ашамай) (Бұл да сонда. Алматы. 1977 ж. 11 т. Уақ. 271272 б.б.).

      7 бөлім

      ЖҮЗГЕ КІРМЕЙТІН РУЛАР ХАҚЫНДА

      Ауыз-екі тілімізде қалың жұртшылық жүзге кірмейтін руларға қазақ халқының арасына ислам дінін насихаттап, енгізуді көздеп келіп, қалып қойған араб миссионерлері ұрпақтарын, ежелден халқымыздың хандары сайланып келген Шыңғысханнан тарайтын сұлтандар әулетін – төрелерді, сосын солардың төңірегіндегі қызмет етуші төлеңгіттер тобын жатқызып келді. Мәселен, белгілі шежіре зерттеушісі Сайдаққожа Жүсіпұлы "Жүзге кірмейтін қазақ рулары" деген еңбегінде қожалар жөнінде төмендегідей мәліметтер береді: «Қожа тайпасы үш жүзге кірмейтін тайпалар ішіндегі ірі топтарының бірі. Бұл тайпа әртүрлі құрама рулардан құралған. Қожа деген сөз араб тілінен аударғанда «ағартушы» деген мағынаны білдіреді. Ал парсылар билеуші әмірлерді қожа деп атаған. Сондай-ақ оқыған оқымыстыларды жергілікті халық қожа деп құрметтеген.Ол оқымысты–ағартушылардың арасында жергілікті тайпалардан шыққандар да болған» ("Ана тілі" газеті. 5 б. 15 сәуір, 2005 ж.). Осылай дей келе қожалардың ішіндегі аға буынға кезінде СКАЧАТЬ