Шежірем сыр шертсе. Тажис Мынжасар
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Шежірем сыр шертсе - Тажис Мынжасар страница 32

Название: Шежірем сыр шертсе

Автор: Тажис Мынжасар

Издательство: SelfPub.ru

Жанр: История

Серия:

isbn:

isbn:

СКАЧАТЬ жүзге»: Сарыүйсін, Қаңлы, Албан, Суан, Дулат, Жалайыр, Шапырашты, Ысты, Ошақты Сіргелі және Шанышқылы; «Орта жүзге»: Арғын, Қыпшақ, Найман, Қоңырат, Керей, Уақ; «Кіші жүзге»: алшындардан тұратын 3 топ: Әлімұлы, Байұлы, Жетіру кіреді. «Ұлы жүз» қазақтары қазан төңкерісіне дейін-ақ қазіргі Талдықорған (Қаратал өзенінің сол жағы), Алматы, Тараз, Шымкент және Ташкент қалалары маңын; «Орта жүз» қазақтары Талдықорған (Қаратал өзенінің оң жағы), Семей, Павлодар, Қарағанды, Көкшетау, Астана, Торғай, Қостанай (солтүстік-шығыс жағы), Жезқазған, Қызылорда (шығыс жағы), Шымкент (батыс жағы) қалалары мен Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облысы жерлерін; «Кіші жүз» қазақтары Орал, Ақтөбе, Атырау, Ақтау, Қызылорда (батыс жақ жартысы), Қостанай (оңтүстік-батыс жағы) қалалары мен Жамбыл облысы (солтүстік-батыс жағы) жерлерін мекендеді. Олардың тілінде де, тұрмыс-салт, әдет-ғұрыптарында да кейбір өзгешіліктердің бар екендігі жөнінде біз осының алдында айтып кеткенбіз. Енді осы үш жүз тарихына азды-көпті болсын тоқталып кетейік.

      5 бөлім

      ҰЛЫ ЖҮЗ ХАҚЫНДА

      Сонымен «Ұлы жүз» жөнінде қысқаша баяндап кетер болсақ, аңыз бойынша олар бастауларын Майқы бидің Бақтиярынан өрбитін Үйсін батырдан алады. Одан –Абақ, Жансақал (Тарақ) дүниеге келеді. Абақтан–Ақсақал, ал Жансақалдан–Жалайыр. Бұл атау оған шашының екі жаққа жалданып, бөлініп туғандығына орай берілсе керек. Одан–Манақ, ал кейбір деректер бойынша одан–Шуманақ пен Сырманақ. Олардан–Орақты, Жазықты, Тарихты. Тарихтыдан ұл болмай, Орақтыдан–9 ұл, ал Жазықтыдан–3 ұл туғандықтан олардан тарайтын ұрпақтар кейін 12 ата Жалайыр деп аталып кетеді.       Сонымен Ақсақалдан Айдарлы мен Сақалды дүниеге келеді. Деректерде олар егіз, екеуі де батыр делінген. Нәмі абақтық Сақалды керей руының қызына үйленіп, түрлі себептермен солардың ортасында біраз уақытқа қалып қойғандықтан одан өрбитін ұрпақтар кейін абақ-керей аталып кетеді. Ал Айдарлы үйленген Уасила-Банудан әйгілі Қараша би туады. Қараша би үйсін тайпаларын бііктіріп, 100 мың әскерімен қытай басқыншыларына қарсы күресіп, сондай үлкен шайқастардың бірінде қаза тапқан батыр, қолбасшы. Аты алты алашқа мәшһүр атақты Байдібек би мен бауыры Байтулы (Байдулла) осы кісіден туған. Байтулыдан – Шақшам. Ендігі бір деректерде Қараша бидің бұдан басқа Жәнібек, Мәділбек деген де ұлдары болған. "Ұлы жүздің негізін құраған тайпалар Бәйдібектің балалары",– деген тұжырымды Қазақ Совет энциклопедиясының "Үйсін" мақаласынан да ұшыратасыз (Алматы, 1977 ж., 11 т.,Үйсін, 401 б.).

      Бәйдібек би ата-анасынан 3 жасында жетім қалып, жақын туыстарының қолында өсті. Шынтас байдың табынын бағып жүріп есейді. Байдың малын барымташы, жаулардан қорғаймын деп жүріп шабандоз, сайыскер, батыр, жауынгер болып қалыптасты. Сөйтіп жүріп ел арасында әділ шешен-би деген де атаққа ие болды. Оның сол кездері айтқан сөздері халық жадында қанатты сөздер, мақал, мәтелдер ретінде осы күнге дейін сақталып қалды. Бір деректер бойынша СКАЧАТЬ