Шежірем сыр шертсе. Тажис Мынжасар
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Шежірем сыр шертсе - Тажис Мынжасар страница 29

Название: Шежірем сыр шертсе

Автор: Тажис Мынжасар

Издательство: SelfPub.ru

Жанр: История

Серия:

isbn:

isbn:

СКАЧАТЬ қарсы күреске түбегейлі біріктіріп, түгелдей көтере алмай әбден күйзеліп, пұшайман болған Кене ханның ел аузында қалған атақты, әулие дерлік түсімен қалай дөп келгенін қарасаңыз. Онда әулет ақсақалдарының жоруы бойынша Кенесары жұртының алдынан алдымен арыстан болып ақырып, кейін жолбарыс болып жұлқынып, соңынан қасқыр болып азу тісін ақситып, бұдан кейін түлкі болып жылмиып жүгіріп өткен, ақыры бақа-шаянға айналып, жердің қуыс-қуысына кіріп бара жатқан жайсыз жайын көрген. Бұған не дерсіз.

      Бірақ халқы батыр ұлдарының ерлігін ұмытпай, оларға арнап аттары белгілі қисса, дастандар жазды. Бертінде Олжас Сүлейменов Кенесары ханға арнап өзінің «Сарыкене» атты белгілі өлеңін шығарды. Бүгіндері ел ордасы Астанамызда Кенесары ханға арналып көкпен таласқан биік тұғырлы ескерткіш ашылды, оның алаңдарының біріне аты берілді.

      Сонымен қазақ хандығы туралы әңгімемізді әрі қарай сабақтар болсақ, түрлі қилы кезеңдерді басынан өткерген қазақтар сыртқы күштердің арсыз араласуымен мемлекеттік дербестігінен айрылғанымен, құдайға шүкір, ішкі этникалық тұтастығын – өзінің қазақ деген ұлттық сипатын бәрібір жоғалтпай сақтап қалды. Бұл тарих аренасында бірде ыдырап, бірде қайта қосылып келген Қазақияның бұрынғы көшпелі ру-тайпалары Қазақ хандығының құрамында өткізген 400 шамалы жыл ішінде біртұтас қазақ ұлты болып бітеқайнап, ажырамастай кірігіп, бірігіп үлгергендігінің арқасы еді.

      Ұлт болып қалыптасу қай елдің тарихында болмасын ұлан-ғайыр уақытты қамтитын тарихи ұлы процесс ғой. Бүгінде қанша күрескенімен ұлт болып бірігіп, мемлекеттігін құра алмай пұшайман жүрген қаншама жұртты білеміз. Бақытымызға орай бүгінгі сіз бен біздер тап осы Қазақ хандығы кезінде, құдайға шүкір, ұлт болып ұйып үлгердік.

      Осылай Қазақ хандығы мен оның жойылу тарихы жөнінде жүгірте отырып болса да бірсыпыра жайды айтып өттік. Ендігі жерде оны құрайтын «жүздер» жайлы баяндасақ орынды-ақ сияқты. Өйткені қалай қазақ болғанымызды, қалай қазақ хандығын құрғанымызды, сөйтіп ұлт болып қалыптасқанымызды білгеннен кейін қазақтың қай жүзінен, қай ру-тайпасынан өрбіп тарайтынымызды да білуіміз керек емес пе? Бұл бөліну емес, қазақ деген біртұтас үлкен дүниенің неден тұратындығын саралап, пайымдау. Ағза екеш ағзаларымызды да танып, білу үшін микроскоптардың астында зерделеп, олардың ұсақ жасушалардан, ал олардың өз кезегінде молекулалардан, ал оларымыз жай көзге көрінбейтін атом, электрон, позитрон, нейтрондардан тұратындығынын білеміз ғой. Ендеше, әңгімеміздің ендігі желісі қазақтың осы жүздері мен оны құрайтын ру-тайпалары жайлы болмақ.

      4 бөлім

      ЖҮЗДЕР ҚАШАН, ҚАЙДАН ШЫҚҚАН?

      Қазақ Совет энциклопедиясында «Жүз» сөзіне төмендегідей анықтама беріледі: «15–16 ғ-да Қазақстан жерінде қалыптасқан ру-тайпалық бірлестіктер. «Ж» атауы араб тілінде белгілі бір тұтас нәрсенің бөлігі, саласы деген СКАЧАТЬ