Шежірем сыр шертсе. Тажис Мынжасар
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Шежірем сыр шертсе - Тажис Мынжасар страница 27

Название: Шежірем сыр шертсе

Автор: Тажис Мынжасар

Издательство: SelfPub.ru

Жанр: История

Серия:

isbn:

isbn:

СКАЧАТЬ заманның шамшырағы – Қазақ мемлекеті" атты зерттеу еңбегінен үзінді ұсынамыз. Онда Әбілқайыр хан турасында былай деп жазылған: "Қазақ-орыс қатынасы тарихындағы трагедияның үлкені Ақтабан шұбұрынды оқиғасы болса, ұлт-азаттық соғыстардың жарқын тарихы Әбілхайыр хан бейнесі екенін мойындаймыз. Бұл жағдайды сонау 90-жылдар соңында академик М.Қозыбаев пен профессор Ж.Қасымбаев – Әбілхайыр хан тарихын қайта қарау керек деп мәселе көтерген еді. Қазақ хандарының еліміз тарихындағы орнын "Ұлт мүддесі үшін ғасырлар бойы күрес жүргізген Әз-Жәнібек хан, Керей хан, Қасым хан, Әз-Тәуке, Әбілхайыр хан сияқты тұлғалардың дәуір тарихында шоқтығы биік-ақ" (8) деп жазған еді М.Қозыбаев. Әбілхайыр Ресейге қарсы 48 жыл бойы соғысып, қалайша бодан болуға өтініш жазды екен деп күдіктенген Ж.Қасымбаев осы тарихи тұлғаның тарихын қайта қарау керектігін айтқан еді (9). Алайда 2000 жылы Әбілхайырдың тарихи хатының түпнұсқасы оқылғанда төбеден жай түскендей әсер етті. Біз осы уақытқа дейін оның орысша аудармасын пайдаланып келіппіз. Сол орысша аудармасы талай ұрпақты жаңылыстырып келген еді. Ақыры шындықтың түбіне қол жеткіздік.. Сол тарихи хатта "бодандық" туралы бір сөз жоқ екенін көріп тарихшылар қатты қуанды (10). Әттең, Әбілхайыр хан тарихын қайта қарайтын ғылыми конференция өткіземіз деп жүргенде М.Қозыбаев пен Ж.Қасымбаев қайтыс болып кетті де аяқсыз қалды…"

      Керемет емес пе, автор оқушы қауымға атышулы хаттың орысша аудармасы мен түпнұсқасын салыстыра зерделеу үшін қатар ұсынады. Әйткенмен оны өзге әңгіменің арқауы ғой деп шежіремізде келтірмедік. Оқып, білгісі келген қауымға ол газетті тауып алу әсте қиын емес. Сөйтіп шындығында да үлкен қуанышқа орай, бүгінгі ұрпақ қазақ үшін жанын қиған бірегей, біртуар, дарабоз тұлға, бабалары Әбілқайыр ханды кезінде ақ патша ұйымдастырған қара жаладан бүгіндері осылайша ақтап, арашалап қалып отыр.

      Сонымен ниетіне кесе-көлденең кедергі, тосқауыл болып келген қазақ хандығының қақпасы іспеттес кіші жүз ұлысынан Әбілқайыр ханды алып тастау арқылы Ұлы Орыс империясы көрші жатқан ұланғайыр қазақ жерін қан төкпей басып алу, отарлау саясатын осылай бастады. Кейін бұл дата қызыл Кеңес заманында «Қазақстанның Ресейге қосылуы» деген атпен тарихымызда елеулі із қалдырған айтулы оқиғаға айналғаны анық. Бұл құжат сол кезден бастап, Қазақстан егемендік пен тәуелсіздік алған сонау 1991 жылдың желтоқсанына дейін өз күшін жойған емес.

      Әлбетте, патша үкіметі аталмыш келіссөзді бетке ұстап, осыған дейін жасырып келген түпкі мақсаты–қазақ жерін отарлау саясатын енді ашықтан-ашық жүзеге асыра бастады. Ежелгі қазақ жерлері өзін-өзі билеу еркінен айрылып, бодауға түсті. Шаруалар малы мен жанының кепілі болып келген жаз жайлауы мен қыс қыстауларынан, шұрайлы деген өрістерінен айрылып, жұтқа, аштыққа ұшырады, тұрмыс жағдайлары ауырлап, құлдырай бастады. Қазақтарды бөлшектеп ұстауды тиімді санаған орыс үкіметі мен жоңғар билеушілері неше түрлі қулық-сұмдыққа барып, олардың бір ханға бағынған күшті мемлекет СКАЧАТЬ