Название: Шежірем сыр шертсе
Автор: Тажис Мынжасар
Издательство: SelfPub.ru
Жанр: История
isbn:
isbn:
Абылайдың бұл іспеттес өзге тірліктерін түгел тізіп айтып жатпасақ та билік пен мемлекетаралық қарым-қатынас үшін үзілмей жүріп жатқан осындай қым-қуат, жан беріп, жан алысқан, қызу саяси істер барысында оның өз жұртының экономикалық хал-ақуалы мен тұрмыс жағдайын да қолдан шығарып, ұмыт қалдырып алмағанын айта кету керек секілді.
Ел бірлігін ұстап, мемлекет қуаты мен оның қорғаныс күшін сақтап қалу үшін көрші елдермен сауда-саттық қатынастарын үзбей жүргізіп, дамыта беру аса маңызды іс екенін жақсы түсінген ол көршілес елдермен түрлі сауда-саттық келісім-шарттарын жасап, жаңа керуен жолдарын ашты. Олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, саудагерлерге біраз жеңілдіктер беруге барынша тырысты. Бәрін бірдей тәппіштеп айта бермесек те солардың бірі ел солай атап кеткен әйгілі "Абылай жолы" еді.
Бұл турасында бізге Қазақ Совет энциклопедиясы: "18 ғасырдың орта шенінде Абылай хан белгілеген сауда-керуен жолы. Қазіргі Семей обл., Абай ауд-ның батысынан басталады. Шыңғыс тауын бөктерлеп, Ертіс өзенінің сол жағын бойлай, шығысқа қарай созылып жатқан бұл жолды халық "Хан жолы" деп атайды. Ел аузында оның "Шаңды жол" деген де аты бар",-деп баяндап береді (Алматы. 1972 ж. 1 т. 36 б.).
Халқы да, тарихы да хандар мен би, батырлар бас қосқан үлкен құрылтай жиылысында боз биенің сүтіне шомылдырып, ақ киізге көтеріп, ұлы хандықтың үлкен ханы етіп сайлаған соңғы хандарының бірі Абылайдың елі үшін сіңірген осындай ерен еңбегін осы күнге дейін еш ұмытпақ емес.
Абылайдан кейін Уәли сұлтан (1781–1819) тек «Орта жүзді» биледі. 1783–1787 жылдары ақ патша мен олармен ауызжаласқан хан-сұлтандарға қарсы тұрмыс-халдері нашарлап, наразылығы күшейген «Кіші жүз» қазақтарының 14 жылға созылған (1783–1797) Сырым Датов бастаған ұлт-азаттық көтерілісі бұрқ ете қалды.
Көтеріліс аяқталғаннан кейін Қаратай, Жантөре сияқты сұлтандардың арасында қайтадан таққа талас басталды. Соның салдарынан бейбіт ауылдарға шабуыл жасау, олардың малын айдап кету, барымта, кісі өлтіру көбейіп кетті. Жығылған үстіне жұдырық дегендей, Жайық казактарының да қанқұйлы тонаушылық әрекеттері жиілей берді. Бұл 1795–1796 жылғы жұттан әлі оңала алмай, қатты күйзелген жергілікті біраз жұртты шарушылығы мен тұрмысын жөндеп алу үшін жаңа қоныс іздеуге мәжбүр етті.
Сол кезде билік еткен орыс патшасы Павел І-нің рұқсатымен 1801 жылдың наурызында Бөкей сұлтан бастаған «Кіші жүз» қазақтарының бір бөлігі оның қалмақтар тастап кеткен Орал мен Еділ арасындағы Нарын жеріне көшті. Орыс мемлекеті үшін хандықтың бөлшектеніп ыдырауы тиімді еді. Сондықтан олар бұған қарсы бола қойған жоқ.
XIX ғасырдың басында Бөкей сұлтан осы жерде өз хандығын–Бөкей ордасын құрды. Әуелде үй саны 5 мыңдай болған қазақтар 1812 жылы 7500, 1819 жылы 8500, 1825 жылы 10 490 үйге жетіп, халық саны 50 мыңнан асып кетті. Бөкейден кейін орданы оның туысы Шығай сұлтан, ержеткен соң ұлы, тарихтан белгілі СКАЧАТЬ