Название: Шежірем сыр шертсе
Автор: Тажис Мынжасар
Издательство: SelfPub.ru
Жанр: История
isbn:
isbn:
15 ғасырдың 70 жылдары Шығыс Дешті Қыпшағы үшін жүргізілген соғыстар салдарынан қазақтардың шекарасы бірде кеңіп, бірде тарылып отырған. Әйтсе де, қыпшақ, найман, қаңлы, керейіттер сияқты жаңа этникалық топтардың үзбей қосылып отыруына байланысты халқының саны молайып, нығая берді. Кейінгі жорықтарында этникалық жеріміз деп санайтын Сырдария бойындағы Отырар, Созақ, Сауран, Сығанақ, Түркістан қалаларын өздеріне қаратты. 80–90 жылдары қазақтың үшінші ханы Керейұлы Бұрындық ханның кезінде де бұл қалалар үшін соғыс толастамады. Қазақтардың Дешті Қыпшақ жеріне иелік етуі нығая түсті. Қазақ хандығы өз құрамындағы тайпалардың этникалық жерлерін 16 ғасырдың басында шамалы уақыт билік еткен Жәнібектің үлкен ұлы Әдіктен кейін таққа отырған қазақтың бесінші ханы Қасымның дарынды, көреген басшылығының арқасында түгелге дерлік қайтарып алды. Сөйтіп шекарасын батысындағы Жайықтан оңтүстік-батысында Сырдария жағалауларына дейін созып, солтүстігінде Ұлытау мен Балқаштан әрі асырып жіберді де, оңтүстік-шығысында Жетісудың Шу, Талас, Қаратал, Іле өзендері алабын өзіне бағындырды.
Қазақ хандығының шекарасы барынша кеңейіп, мейлінше күшейген, халқы мамыражай өмір кешкен кезі қазақтың осы көреген, ақылды, шебер дипломат, дарынды да батыл әскери қолбасшы Қасым ханы билік еткен тұста болды. Деректер оның кезінде қазақтар саны 1 миллионнан асып жығылғанын айтады. Ол тек соғыстар жүргізумен ғана шектеліп қалмай, ел қамы үшін басқару, заң, сот жүйесін жетілдіру мақсатында түрлі реформалар енгізгені белгілі. Әйгілі «Қасым ханның қасқа жолы» дейтін өмірдің түрлі жақтарын қамтитын заңдар жиынтығы сол кезде шықты. Хандық өзін біртұтас мемлекет деп, халық өзін толыққанды ұлт деп тап осы кезден сезіне бастады.
Бірақ Қасым ханнан кейін Қазақ хандығында құлдырау кезеңі басталды. Сұлтандардың билікке таласқан алауыздығы салдарынан 1523 жылы тақ мұрагері Мамаш хан мерт болды. Билік Қасымның немересі Таһир ханға ауысқанымен ол етек алып кеткен алауыздықты тоқтата алмады. Ноғай Ордасымен арақатынасын шиеленістіріп алып, ішкі билік жағдайын одан әрі асқындыра түсті. Осы кезде жеке басының қаталдығынан жәбір көрген көпшілік, жығылған үстіне жұдырық дегендей, оны тастап көше бастады. СКАЧАТЬ