Название: Шежірем сыр шертсе
Автор: Тажис Мынжасар
Издательство: SelfPub.ru
Жанр: История
isbn:
isbn:
Ішкі саясатында Қазақ хандығын бір орталыққа бағынған күшті мемлекет етуді көздеді. Сондықтан ел басқаруында бір ханға бағынуды, соғыс істерінде болсын, бейбіт тұрмыс тіршіліктерінде болсын бір ханның шешіміне бой ұруды уағыздады. Осыған байланысты ішкі өмірде халыққа ықпал-әсері көп феодалдық, діни топтардың мүддесін көздеп, ескі салт-дәстүр, жөн-жоралғыларды: қанға қан алуды, кек алуды, құн төлеуді, барымта алуды, құл сатуды, жазаға дүре соғуды, көп әйел алуды, әмеңгерлікті, зекет, ұшыр жинауды, ескі діни сенімдерді ұстануды жан-жақты насихаттауды қолдап отырды. Осы үшін де қарапайым халық оның бұл реформаларын ел арасында «Есім ханның ескі жолы» деп атап кетті.
Әйтседе, адамның айтқаны емес, Аллаһтың дегені болады демекші, Есім ханнан кейін феодалдық алауыздық бәрібір қайта бас көтеріп, ушықты. Ол Есім ханның ұлы Жәңгір ханның (1652 ж. қ. б). кезінде де толастамады. 1643–1644 жылдары жоңғарлармен болған жан беріп, жан алысқан қырғын соыста қазақтарға 20 мың қолмен көмекке келіп, саны басым жауды талқандауда шешуші роль атқарған Самарқан билеушісі, әлімнің төртқара руынан шыққан, атақты Әйтеке бидің атасы Жалаңтөс баһадүрдің тарихта жазылып қалған теңдессіз ерлігі осы Жәңгір ханның кезінде болды.
Жәңгір хан 1652 жылы жоңғар қонтайшысымен болған қарымта соғыста жеңіліп, қаза тапты. Етек жайған алтыбақан алауыздық салдарынан жүздерде топтасқан жекелеген қуатты қазақ сұлтандары іс жүзінде тәуелсіз болуды аңсады. Бұл ақыры «үш жүздің» әрқайсысы өз жүзіне өз сұлтандарынан хан сайлау дәстүріне әкеліп соқты да, үлкен ханның билік ету күші бірте-бірте әлсірей берді. Бара-бара ол ел басқару ісінде номиналды ханға айнала бастады. Алайда, әр жүздің бақталас хандары өзгелерге өзінің күшті, ықпалды екенін көрсетуге ұмтылумен болды. Осыдан барып олардың арасынан өзгелерге өктемдік жүргізгісі келетін қуатты хандар шыға бастады. Олар өз мақсаттарына жету үшін өз руларын ғана емес, өзге ру-тайпаларға да ықпал-әсерін күшейтіп, төңірегіне топтастыруға тырысты. Жаппай етек алған тап осындай шаралар біртұтас Қазақ хандығын алауыздық салдарынан біржолата ыдырап, жойылып кетуден сақтап қалды десек те болады. Бұл құрылғанына 200 жылдан асқан кезде Қазақ хандығы душар болған саяси ақуал еді.
Хандық бірлігі мен тұтастығын сақтап қалуға күш салған осындай қуатты, ықпалды хандардың бірі Жәңгір ханның ұлы Тәуке хан (1680–1718) болды. Арабша хат таныған сауатты, ел басқару ісінде әмір Темір жолын ұстануға тырысқан, діншіл басшы. 1680 жылы Түркістанда Қожа Ахмет Яссауи мешітінде бас қосқан хан, сұлтандар мен ру басы батыр, билер жиынында ақ киізге көтеріліп, хан сайланды. Ол ыдырауға шақ қалған қазақ руларын төңірегіне қайта топтастырып, біріктіруге шара жасады. «Жүз» хандарын ыдыратпай, уыста ұстау үшін қолданылып СКАЧАТЬ