Название: Шежірем сыр шертсе
Автор: Тажис Мынжасар
Издательство: SelfPub.ru
Жанр: История
isbn:
isbn:
Сығанақ шайқасы мен қазақтардың Моғолстан жаққа тап осы 1456 жылдары үдере көшкендіктері туралы 1983 жылы жарық көрген Қазақ ССР тарихының «Көне заманнан бүгінге дейін» деп аталатын 2 томының 188-бетінде де айтылады. Бұл цифрлар белгілі қытайлық тарихшы, ғалым Нығымет Мыңжанның 1987 жылы Қытайдың Шыңжан қаласында «Қазақтың көне тарихы» деген атпен жарық көрген зерттеу еңбегінде де тілге тиек етіледі. Өзіміздің отандық жазушы, тарих зерттеушісі, көпшілікке танымал, атақты «Аласапыран» романдарының авторы Мұхтар Мағауин де 1993 жылы «Жұлдыз» жұрналының № 12 санында жарық көрген «Қазақ тарихының әліппесі» деген зерттеу мақаласында, кейінірек баспадан басылып шыққан «Қазақ хандарының ғұмырнамасы» атты кітаптарында да осы датаға тоқталады.
Тарих ғылымдарының докторы, профессор Қуандық Есенғазы да біз бұрынырақ айтып кеткен өзінің 2014 жылы 11 қарашада "Жас алаш" газетінің 89 нөмірінде жарық көрген "Өз ұлтыңның тарихын бұрмалау–өз әкеңді өзің ұрып өлтіргенмен бірдей" деген мақаласында осы пікірді ұстанады. Ол онда: "Орта ғасырлық атақты тарихшы Мұхамед-Хайдар Дулатидың куәландыруы бойынша, бұл оқиға 1456 жылы болған. Осы 1456 жыл, жаратылысынан еркіндік аңсаған, қазақ жұртын бастаған Керей мен Жәнібектің жаңа бір ұлыстың дербестігін жариялаған ерекше оқиға–қазақ деген атауды иемденген халқымыздың тарихындағы маңызды құбылыс, жаңғырған қазақ этносынан тұратын мемлекеттің дүниеге келген мезгілі болды,-дей келе,тарихшы, жазушы М.Мағауинге қатысты: "Кейінгі зерттеушілер 1456 жылды, тіпті бұдан соңғы кезеңдерді атап жатады. Бұл тарихшылардың пайымдауынша, қазақ ордасының ту көтеріп, ірге бекітуі тек Әбілқайыр кенеттен қайтыс болған соң ғана жүзеге асқан сияқты.Осыған дейінгі ұзақ он екі жыл тепе-тең күрес үстінде өткені есепке алынбайды. 1465–1470 жылдар–хандықтың құрылған емес, нығайған уақыты, халықтың өз тәуелсіздігін емес, көрші жұрттарға біржола танылған мезгілі. Түптеп келгенде, мұның бәрі қазақ тарихының бастауын мүмкін болғанынша кейіндету талабының бір көрінісі ғана"-деген Мағауиннің тұжырымы сол кездегі тарихи оқиғаларды зерттеген өзге де тарихшы-ғалымдардың пікірлерімен үндес",-деп баяндап кетеді.
Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, «Қазақ хандығы» қоғамдық қорының төрағасы Жарылқасын Боранбай да өзінің «Қасиетіміз де, қастеріміз де–Қазақ хандығы» деген мақаласында ашық айту–ардың ісі деп осы пікірді ұстанады («Ана тілі» газеті. № 29. 21–28.07.2011 ж.).
Сондықтан Қазақ хандығы құрылып, қазақ мемлекеттілігінің іргетасы қаланған жылдар деп бірауыздан осы жылдар алынып жүргендігін айту керек. Тарихтың тай қазанында қазақтың жаңадан ұлысты ұлт болып қалыптасуы тап осы кездері басталды. Бірақ, жоғарыда айтпақшы, өзге бірқатар ғалымдарымыз Мұхаммед Хайдар Дулатидің атақты "Тарих-и Рашид-и" атты кітабында Керей ханның Шу бойына көшкен уақыты Хижра жыл санауымен СКАЧАТЬ