Название: Шежірем сыр шертсе
Автор: Тажис Мынжасар
Издательство: SelfPub.ru
Жанр: История
isbn:
isbn:
Бұл ғылыми деректер Қазақ ұлысының қияли емес, белгілі тарих кезеңдерінде өз ру-тайпалары бар нақтылы мемлекеттік құрылым болғандығын дәлелдейтін құнды мәліметтер. Бұл дереккөздерінде келтірілген көне ру-тайпалар атауларының бүгінгі қазақ рулары атымен толық сай келетіндігіне көңіл бөлмеске болмайды. Мысалы, беріш, шеркеш, шағырай руларын алайық. Бұл ру атауларының бүгінгі қазақ рулары атымен ұқсастығы кездейсоқтық емес, олардың туысқан бір ру екендігін көрсеткендей. Егер бұл байлам басқа да дерек көздерімен қуатталып, дәлелденер болса, онда біз тілге тиек тіп отырған көне Казахия ұлысы бөтен емес, өз мемлекетіміздің байырғы бастау бұлағы екендігінде күмән қалмайды.
Міне, бұл мәселені бізге жоғарыда аты ауызға алынған үлкен ғалымымыз Мұхамеджан Тынышпаев өзінің «Қазақ руларының генологиясы» ("Генеалогия казахских родов") атты белгілі, зерттеу еңбегінде шешіп береді. Ол мұнда қазақтар деп аталған черкестер мен кіші жүздің он екі ата байұлына қарайтын тағы бірқатар ру-тайпалары тарихын Алтай баурайынан басталған Ұлы қоныс аудару заманынмен (IV–VII ғ.ғ.) сабақтастыра баяндайды. Ол бұл деректерімен қазақтар мен оның құрамына кірген ру-тайпалар тарихын енді IV ғасырларға бірақ апарып тастайды. Енді сол деректерге көңіл бөліп көрейік.
ҚАЗАҚТАР ҰЛЫ ҚОНЫС АУДАРУ ЗАМАНЫНАН КЕЙІН
Ұлы қоныс аудару заманы жайлы айтып қалғасын, ол жөнінде қысқаша болса да мағлұмат бере кеткеніміз жөн сияқты. Халықтардың бұл тарихи көшіп-қону процесі IV–VII ғасырларда Түрік қағанды ыдырап, Алтайдан Орта Азия мен Жетісу жеріне баса көктеп кірген батыс түрік тайпаларының соғыс қимылдарымен байланысты. Әділ (Атилла) батыр бастаған ғұндар мен оларға ілескен қарақұрым өзге тайпалар Сырдария, Арал маңы алқаптары мен Орталық және Батыс Қазақстан жерлерін басып өтіп, Дунай өзеніне дейін жетті. Мадиярларды бағындырып, еуропа елдеріне аяқ басты. Сөйтіп ақыры Ұлы Рим империясының соңғы тірегі Византия мемлекетінің құлауына әкеліп соқты. Әлбетте, осы әрекеттер барысында тұтас бір халықтардың ығысып, қоныс аударуына, ал олардың орнына көші-қонымен екіншілерінің жайғасуына тура келгендігі мәлім.
Осыған орай, Оба өзеніне құятын Катын өзенінің оң жақ жағалауының Черкиш аталуы, сондай-ақ сол маңды мекендеген сақа (якут) жұртына қарасты Татти ұлысының құрамында «сергеччи» руының сақталып қалуы да тегін емес деп ойлаймыз (Э.К.Пекарский. «Словарь якутского языка». 2 т. 274 б.). Бұл деректер Черкестердің Алтайдан бастау алып, жылжыған көш ізінің жұрнақ-белгілері емес пе екен дегіміз келеді.
Мұнымызды кезінде түркі ру-тайпалары тарихын зерттеуге зор үлес қосқан орыстың атақты ғалымы Н.А.Аристовтың: «…черкес атауының өзі Кавказ баурайына түркі руларының сол аттас қауымының атымен жеткен секілді», – деп жазып кеткен тұжырымдары да растай түседі («Заметки СКАЧАТЬ