Шежірем сыр шертсе. Тажис Мынжасар
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Шежірем сыр шертсе - Тажис Мынжасар страница 10

Название: Шежірем сыр шертсе

Автор: Тажис Мынжасар

Издательство: SelfPub.ru

Жанр: История

Серия:

isbn:

isbn:

СКАЧАТЬ style="font-size:15px;">      Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының Р.Б.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Меруерт Әбусейітованың "У истоков государства казахов"атты мақаласында келтірген: "Конечно, образование Казахского ханства не было связано только с откочёвкой Гирея и Джанибека. Процесс развития казахской государственности был обусловлен всем хозяйственным, социальным, политическим развитием средневекового Казахстана и особенностями этнической истории казахов. Откочёвка явилась лишь событийным отражением одного из важных этапов становления казахской государственности",– дейтін тұжырымдары мұның растығын дәлелдей түседі ("Казахстанская правда". 22.06.2012 г.).

      Біздің бұл байламдарымыз сондай-ақ тарих ғылымдарының докторы, профессор Қуандық Есенғазының 2014 жылы 11 қарашада "Жас алаш" газетінің 89 нөмірінде шыққан "Өз ұлтыңның тарихын бұрмалау–өз әкеңді өзің ұрып өлтіргенмен бірдей" деген мақаласында келтірген:"Аласапыран соғыстар мен феодалдық бытыраңқылық салдарынан Дешті Қыпшақ даласында бұрыннан қалыптасқан мал жайылымын пайдаланудың дағдылы көшіп қону тәртіптері бұзылды, көшпенді тайпалар мезгілінде жайлау-қыстауларына бара алмайтын болды. Бұл көшпенді мал шаруашылығына ауыр зардабын тигізді. Осындай ауыр тауқымет тартқан халық бейбіт өмірді, Әбілқайырдың әділетсіз үстемдігінен құтылып, өз алдына тіршілік етуді арман етті", – деген пікірлерімен де жақын қабысып жатыр.

      Сөзіміз тұздықты болуы үшін осы орайда елімізге ғана емес, сырт елдерге де кең танымал, кезінде Елбасы ғылыми кеңесінің белді мүшесі, Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының директоры болған, Қазақ Совет Энциклопедиясы Бас редакциясын басқарып жүрген кезінде өзіміз қоластында істеген академик Манаш Қабашұлы Қозыбаевтың "Тарих-и-Раши-ди"– тарихымыз бен мәдениетіміздің аса келелі жазба ескерткіші" деген көлемді мақаласынан үзінділер келтіріп кеткім келеді. Онда ол Керей мен Жәнібек сұлтандар уақиғасы жөнінде былай дейді: "Продолжая эту дискускуссию, смею высказать своё мнение по этому вопросу:

      1.Никоем образом нельзя связывать образование Казахского государства с одним "бегством" или откочевкой Керей-хана и Джанибек-хана, хотя процесс откочевки выражал суть раскола и продолжался десятилетиями.

      2.Они, как Абулхаир и другие ханы Ак-Орды, были законными наследниками власти.

      3.На рубеже X1VXV веков происходил распад суперэтноса кипчак, на его основе происходила консолидация тюркских и тюркизированных племён Дашт-и Кипчака и Семиречья в казахскую народность.

      4.Гирей (Керей)-хан и Джанибек-хан были вождями тех родов и племён Дашт-и Кипчака, выступившими объединителями близких по языку, культурным традициям, образу жизни родоплемённых групп из центрального и южного Казахстана.

      5.Гирей-хан и Джанибек-хан, предводители казахов, не откочевали, а откололись, СКАЧАТЬ