Название: Шежірем сыр шертсе
Автор: Тажис Мынжасар
Издательство: SelfPub.ru
Жанр: История
isbn:
isbn:
Жазушы Әнес Сарай 2010 жылы «Ана тілі» газетінің бірнеше нөмірінде жариялаған «Ноғайлы» атты көлемді зерттеу еңбегінде ноғай елі Ш.Уәлихановтың айтуы бойынша Моғол ханы Тұғлық Темір кезінде Сырдария мен Шу, Ыстықкөл мен Жетісу жерінде болғандығын хабарлайды (Валиханов Ч. Собр. Сочинения. І том. Алма-Ата, 1961, 358–359 стр.). Бұл турасында тағы мынандай мәліметтер береді: «Муин ад-дин Натанзи олардың қонысын «Ұлытау, Сеңгірағаш, Қаратал, Жент, Баршын кент» деп, ноғайлының осы тарапта жасаған бір кезеңінен хабар береді (Трепавлов В.В. 56-б.).
Бұл орайда сан-саққа салған әңгіме жеткілікті. Ноғайлы шекарасы әр кезде әртүрлі болған: бірде кеңіп, бірде тарылып отырған. Олардың өзгермеген тиянақты аш өзек, алтын діңгегі–Жайық өзенінің ұзына бойы…
Ноғайлы жұртына алғашқы тиянақты ғылыми барлау жасаған М.Г.Сафаргалиев оның ұйытқы тобы деп 18 тайпаны атаған. Олар: алшын, ас, байғұр, борган, борлақ, гублаг, канглы, кенегес, керей, қыпшақ, қытай, қият, колгин, қоңырат, маңғыт, найман, тайджут,тангучин, түрікмен (Сафаргалиев, 1960, 230-б.)…
Р.Х.Керейтов Ноғайлының ұйытқы тобына бай, қаңлы, қатаған, керейт, қыпшақ, қоңырат, мажар, маңғыт, найман, сильджджгут, үйсін тайпаларын жатқызады (Керейтов Р.Х. Ногайская Орда и вопросы ее этнического состава //ИТАРНО,19–28 стр.). Ірге көтеріп, дәуірлеген XV ғасырда Ноғайлы 64 тайпадан құралып, ал XVI–XVII ғасырларда олар өздерін «140 таңбалы ноғай» атаған (Трепалов В.В., 440-б.). Түрік саяхатшысы Эвил Челеби де «140 рулы ноғай жұрты» деп көрсетеді.
Біртұтас Ноғайлыда ыдыраушылықтың алғашқы нышандары шаң бергенде-ақ Ұлы Ноғай, Кіші Ноғай, Едисан, Едишкөл, Тоғыз, Жембойлық, Буджак ұлыстары көрініс тапты…
Еуропа саяхатшылары Еуразия кеңістігіндегі жері кең, халқы көп бірден-бір құрылым Ноғайлы жұрты деп білді. Бірақ саны қанша екенін кесіп-пішіп атамайды. Бұл орайда Ноғайлы жырларында «теңіздей толқыған Ноғайлы», «теңіздің құмындай сансыз Ноғайлы», «он сан», «отыз сан», «қырық сан» тіркестері жиі кезігеді. Бірақ бұл меңзеулерден халық мөлшерін шамалағанмен, анықтау мүмкін емес. Ноғай зерттеушісі А.И.-М.Сикалиев Ноғайлының санын 2 миллионға жеткізеді. Ал А.А.Тортика, В.К.Михеев, Р.Н.Кортиевтер Еділ мен Есіл, Кама мен Сырдария аралығында 1 млн. 700 мың халық тұрды, ал Ноғайлының атақонысы Еділ, Жем, төменгі Сырдарияда 750 мың деп көрсетіп, Ноғайлының санын осы мөлшермен шектейді…
Ноғайлы жеке шаңырақ көтерерде Дешті-Қыпшақта болып, Едіге туралы құнды деректер қалдырған Клавихо Едігенің ләшкері 200 мың деп көрсеткен. Ал «Қазан жылнамасы» Едігенің ұлдарының әрқайсысында 10 мың жасақ барын атаған. Ендеше, Ибн Арабшахтың Едігенің 20 ұлы туралы мәліметі шындық десек, Ноғайлы ләшкерінің саны 400 мыңнан кем болмаған. Ал ләшкерді жалпы халықтың төрттен бірі деп есептесек, Ноғайлы өтеніндегі халық саны 1 млн. 600 мың болып шығады» (Әнес Сарай. Ноғайлы. Ана тілі газеті. №47. 11-б. 2010 ж.). Бұл келтірген деректеріміз білсем деушілерге Қазақия құрамында болған «Ноғайлы» елі жөнінде құнды мәлімет беретін ақпар көздері.
Ал Әзірбайжан Республикасында бүгінге дейін Қазақ ауданы мен қаласының болуы (Әбілбек Нұрмағанбетов. СКАЧАТЬ