Шежірем сыр шертсе. Тажис Мынжасар
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Шежірем сыр шертсе - Тажис Мынжасар страница 16

Название: Шежірем сыр шертсе

Автор: Тажис Мынжасар

Издательство: SelfPub.ru

Жанр: История

Серия:

isbn:

isbn:

СКАЧАТЬ атағанын баяндайды (Шығармалар. VI том 19 б. Алматы. 1964 ж.).      Қазақ Совет энциклопедиясында құрамына черкештер де кіретін алшындықтарға мынадай анықтама беріледі: «Алшын–Кіші жүз құрамындағы Байұлы, Жетіру, Әлімұлы сияқты үлкен рулардың негізі болған тайпа. Алшын туралы деректер ертеден бар. Ежелгі мекені–Алтай. 10 ғ-да А-дардың бір бөлігі қыпшақтармен бірге (Қаңлы құрамында) батысқа қарай аттанып, Египетке дейін барған; онда Мысыр билеушілерінің қызметінде болып, мамлюктер әулетінің үстемдігін орнатуда айтарлықтай роль атқарған. 10–12 ғ-да Қырымдағы қыпшақ, комон, печенег арасында А-дар көп болған. 1214 ғ-да А-ның кейбір рулары Ноғай ордасының негізін қаласқан. Кейініректе олар қазақ халқының негізгі құрамы есебінде белгілі болған. А.Ұрпақтары татар, башқұрт және Орта Азия халықтарының құрамында да бар» (Қазақ Совет энциклопедиясы. 1 т. 311 б. Алматы. 1972 ж.). Бұл дегеніңіз, алшындарға қатысты жоғарыда келтірген деректемелеріміздің растығын қуаттайтын энциклопедиялық ғылыми тұжырымдама.

      Шежіре зерттеуші Алшын Серік өзінің «Ұланақ» атты Кіші жүз қаракесектері шежіресінде «Алшын» атауының шығу тегін төмендегіше түсіндіреді: «Жолайы «Алшын» атауына келсек, ол «Алтай» сөзінің диалекті түріндегі синонимдік нұсқасы болуы ғажап емес. АлтайАлтау, қазіргіше Ал тауы деген тіркес екенін ескерсек, АлшынАл шыңыАлтай екені ешбір қарсылықсыз мойындатар шындық. Негізін топонимнен алатын бұл этномин, Алшын тайпасына бірігіп жүрген (Жетіру тайпасы кірмейтінін ескерген жөн) қазіргі Кіші жүздік рулар бір кездері Алтайдан ауған рулар екенін әйгілеп-ақ тұр.

      Бұған М.Тынышпаевтың «История казахского народа» еңбегінің (1993 жыл. Қазақ университеті) «Материалы к истории киргиз-казахского народа» мақаласының «В. «Младшая Орда» тарауының «10. Алчыны» бөліміндегі топонимикалық мысалдар толық дәлел. Біздің ойымызша алшындардың ауу мезгіліТүркі қағанатының құлауымен тұс па тұс уақыт. Ал, әңгімені тереңдетсек «л-ға» тілі келмейтін Қытайдың «ашын» («аш-ин») деп жүрген жұрты да осы АлшындарАлтайды мекендеген жұрттарАлшындар болатын» (Ақтөбе. «Арсенал» баспа үйі. 1990 ж. «Рух» газеті. «Рушежіре»). Олай болса жоғарыда келтіріп отырған деректеріміз құрамында кіші жүз ру-тайпалары бар қазақтар тарихының IV ғасырға жататындығын тағы бір растап кетеді. Сондықтан черкештердің таулықтар емес, біздің он екі ата байұлына кіретін шеркештермен туыс, түбі түркі қандас бауырларымыз екендігін баса айтып кеткіміз келеді. Әйтпесе, олармен қоғамдық тіршілігі, салт-дәстүрі ортақ Қазақия қауымдастығында кезінде бірлесе өмір сүруіміз неғыйбыл емес пе еді.

      Сөздің реті келіп тұрғасын айтқымыз келеді, атақты Бейбарс өзі мен Ибн Халдун жазған «Қыпшақтар шежіресінде», мәселен, өзін қыпшақтың брж-оғлы руынан шыққанмын дейді. Араб зерттеушісі Аль-Айни де өз жазбаларында осыны құптайды. М. Тынышпаев жоғарыда аталған мақаласында зерттеуші Л.Будаговтың «берж»(«брж») сөзі тобыл татарларының СКАЧАТЬ