Название: Шежірем сыр шертсе
Автор: Тажис Мынжасар
Издательство: SelfPub.ru
Жанр: История
isbn:
isbn:
Ғалым-тарихшымыз Мұхамеджан Тынышпаев та өзінің жоғарыда аталған «Қазақ руларының генологиясы» атты зерттеу еңбегінде Қара теңіз бен Каспий теңіздері аралығындағы құйқалы жерді қоныстанған, құрамында беріш, черкес жұрттары бар Қазақия ұлысы болған деген деректерін келтіреді. Мәселен ол Қытайдың VII ғасырға жататын деректемелерінде («Тан патшалығының жаңа тарихы») Арал мен Хазарлық Каспий теңізінің аралығын мекендеген жұрттың «хаса», «кас–пилер» деп аталғанын әңгімелейді. Бұл, көріп отырсыздар, ұлыс тарихын енді VII ғасырларға апарып тірейді.
Қазақстандық ғалым-тарихшы Е.П.Алексеева да өзінің 1971 жылы жарық көрген «Көне және ортағасырлық Қарашай-Черкес тарихы» деген еңбегінде ертеректе құрылып, өркендеген Қазақия мемлекеті жөнінде айтып кетеді. Ол оның даму, қалыптасу кезеңдерін: VI–VII ғасырларда Батыс-Түрік қағанатының осы өңірді қамтуына, IX–X ғасырларда Сыр бойындағы қаңлы бірлестігіне қарайтын бешенектердің батысындағы осы аймаққа жылжуына және XI ғасырларда бұл мекенге қыпшақтардың лек-лек болып қоныс аударуына байланысты үшке бөліп қарап, оның о бастан түркі өркениетінің төл түлегі болғандығы туралы жазады. Демек Е.П.Алексеева қазақтар тарихын енді VI ғасырлардан бастайды.
«Қазақ» сөзінің этимологиясы, яғни шығу төркіні жөнінде әңгімелегенімізде оның түркі тобына жататын Сағай, Қойбол (В. Радлов. «Опыт словаря тюркских наречий. ІІ т. І бөлім. 629 б.) және Хакас («Хак.-рус. словарь». 1953 ж. 284 б.) тілдеріндегі мағынасы «қосу, үстеу, қосымшалау» дегенді білдіретін «козак» және «хозак» сөздерімен дыбысталуы өте ұқсас екендігін айта кету керек. Ал егер тіліміздегі «бірігу, одақтасу, ұлыстасу» сияқты сөздер олардың синонимі болса, онда түрлі ру-тайпалар бірлестігінен, одағынан, ұлысынан тұратын Қазақия тек дыбысталуы жағынан ғана емес ішкі мазмұны, мағынасы бойынша да жоғарыда келтірілген қос сөздің баламасы дерлік. Ендеше, Сағай, Қойбол, Хакас тілдері кезінде Қазақия болып біріккен көне ру-тайпалардың ортақ тілі болуы да ғажап емес. Демек, бұл тайпалар жұртын да түрлі тарихи себептерге байланысты бөлініп кеткен, тілі мен тілегі бір бұрынғы СКАЧАТЬ