Шежірем сыр шертсе. Тажис Мынжасар
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Шежірем сыр шертсе - Тажис Мынжасар страница 9

Название: Шежірем сыр шертсе

Автор: Тажис Мынжасар

Издательство: SelfPub.ru

Жанр: История

Серия:

isbn:

isbn:

СКАЧАТЬ "қаз"түбіріне негізделген бұдан басқа Қазбек, Қазкен деген есімдер, сондай-ақ Қаршыға, Бүркіт, Құралай сияқты тағы басқа қаншама адам аттары бар. Сұңқарым, арыстаным, қарлығашым атаулары да осы сияқты тілімізде өте жиі қолданылып жүрген сөз тіркестері. Оларды қаз сөзімен салыстыра қарасақ, одан артық болмаса, олқы түсіп жатқан тұстарын көрмейміз. Ендеше, халқымыздың ныспысын кезінде қаз сөзі секілді осы сөздердің бірімен де атай салуымыз мүмкін еді ғой деген түрткіл ой бастан шықпайды.

      Өзіңіз ойлап көріңізші, елімізді «қазақстан» емес, «арыстанстан», «сұңқарстан» деп атасақ қалай болар еді, ақылға сияр, көңілге қонар ма еді? Әлбетте, жоқ. Бұдан шығар қорытынды біреу-ақ. Кезінде тылсым табиғатпен біте қайнап, тілдесе, сырласа өскен көшпелі халқымыз ардақтылары мен құрметтілерін, сүйіктілері мен сыйлыларын күнде көріп жүрген сырттан жануар, құстар атымен асқақтатып, бейнелеп атаған. Бірақ ұлыс пен ұлт болып тарихи тұрғыдан топтасар шақта, олар өз атауын құс-жануар аты емес, өзгелер сияқты оны құраушы белді де беделді ру-тайпалар немесе солар бірлескен ортақ ұлыс атауынан алары анық. Ұлт болып қалыптасар кезде қай елдің болмасын осы жолдан өтерін ғылым мен тарих бізге дәлелдеп беріп келеді.

      Ал ендігі бір зерттеушілеріміз бұл терминді 15 ғасырдың екінші жартысында, дәлірек айтар болсақ, 1456 жылы Әбілхайыр хан билеген көшпелі өзбектердің «Көк ордасынан» өз алдына хандық құру үшін бір түнде үдере көшіп, бөлініп кеткен Керей мен Жәнібек сұлтандар бастаған ру-тайпалар атауының ел аузында «қашақтар» деп аталып кетуімен байланыстырғысы келеді. Бұл да аса қисынға келмейтін тұжырым. Себебі жеке хандық құрып, іргелі ел болуды аңсаған жұрт өз мемлекетін біреулердің аузынан кездейсоқ шыққан алып-қашпа, жел сөзбен орайластыра «қашақ» деп атай салуы ешбір сын көтермейтін жайт.

      Осы ретте, қазақ тарихын алғаш болып зерделеген зерттеушілердің бірі, орыстың аты алты алашқа мәшһүр этнограф-ғалымы Семёнов-Тяньшанскийдің (А.А.Семенов): «Бір жолғы көштен (actus) бір халық, оның ат-атауын тудыруға болмайды»,– деген аталы пікіріне қосылмасқа болмайды.

      Тарих та, этностардың туып, қалыптасу барысын сараптап, саралаушы этногенез ілімі де: ру-тайпалар атауы олардың көсемдері мен жұрты ойлап табар немесе жеребе тастап қоя салар ат емес, бұл даму барысында оларды ділдік, тілдік, жер-жапсар, тұрмыс-салт, экономикалық өмір сүру ерекшеліктеріне орай топтастырар, сөйтіп жұртты әрі қарай да туыстық қарым-қатынастарға жұмылдырып, ұстап тұрар, тарих тереңінен қайнар бұлақ суындай өздері жөн тауып жарып шығар этногенездік күші бар атау екендігін айтады. Бұдан ат қою мәселесі, кейбіреулер ойлайтындай, еріккеннің ермегі, оңай іс емес екендігін байқайсыз.

      Біздіңше, ел арасында қаншама беделді болғандарымен қос сұлтанға мың сан жұртты үлкен ордадан бір түнде тез бөліп әкету әсте оңай іс емес екендігі анық. Тек "бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығара" жұмыла әрекет етуге үйренген топты ғана осылайша жылдам бөліп әкетуге СКАЧАТЬ