Название: Шежірем сыр шертсе
Автор: Тажис Мынжасар
Издательство: SelfPub.ru
Жанр: История
isbn:
isbn:
Қазақия мен оның құрамына кірген ру-тайпалар жөніндегі деректерді ауыз әдебиеті үлгілерінен де табуға болады. Мәселен, халқымыздың Қазтуған, Доспамбет, Шәлгез сынды айтулы жампоз ақын-жырауларының аузынан төгілген төмендегі жыр жолдары соның айқын айғағы дерлік.
«Тегінде ноғай-қазақ түбіміз бір,
Алтай, Ертіс, Оралды қылған дүбір» , – деген, сондай-ақ,
«Алаштан қазақ тараған,
Ноғайлыға қараған.
Жауға алдырмай ноғайлар
Бір-біріне жараған.
Ноғайдан қазақ бөлініп,
Үш жүз болып тараған»,– деген
өлең тармақтары қазақ пен ноғайлының кезінде бір одаққа бірігіп, бір қауымдастықта болғанын, бірақ түрлі себептермен бұл одақтың кейін ыдыраған кезін сипаттайды. Осы орайда, шежіре зерттеушісі Жарылқап Бейсенбайұлының кіші жүздің ішінде сақталып қалған «Ноғайлы-қазақ» («Ноғайты») руы сол Ноғайлы мен қазақ ұлыстары ажыраған шақта қазақтардың арасында қалып қойған ноғайлының бір атасы деген болжам, байламымен де келіспеске болмайды.
Сондай-ақ Әбілбек Нұрмағанбетовтің жоғарыда аталған мақаласында 1963 жылы Мәскеуде шыққан «Ноғай-орыс сөздігіне» сүйене отырып берген, қазақ атты ру-тайпаның ноғайларда да бар екендігін растайтын мәліметтері олардың шындығында да Қазақияның құрамында болып, бір кездері қазақ деп аталғанын дәлелдей түскендей. Ал филология ғылымдарының докторы, профессор Рахманқұл Бердібаев өзінің зерттеу еңбегінде:«Қазақ пен ноғай ауыз әдебиетіндегі ортақ сарындас тарихи-генетикалық заңдылыққа жатады. Бұл екі халықтың фольклорындағы ұқсастық сол байлықты жаратушылар мен айтып таратушылардың әуел баста бір түбірден шыққан туыстығына байланысты»,-деп бұл екі халықты тонның ішкі бауындай тіпті жақын туысқан қылып қояды («Қарайдар мен Қызылгүл». 7 б. Алматы. Жалын. 1989 ж.).
Сондай-ақ, оқысаңыз да болады, белгілі ақын, жазушымыз Байбота Серікбайұлының «Шежіре шерткен сыр» («Ана тілі» газеті. 1992 мешін жылы, 7 қаңтар) деген еңбегінде Қоңырат пен Ноғай, ал жоғарыда аталған ғалым Әбілбек Нұрмағанбетовтің сілтеме жасай отырып («Ног.-рус.сл.». М. 1963 СКАЧАТЬ