Название: Шежірем сыр шертсе
Автор: Тажис Мынжасар
Издательство: SelfPub.ru
Жанр: История
isbn:
isbn:
Мысалы, шежіремнің ұрпақ тарқату кестесінде көрсетілгендей, менің 5-атам Сұңқар болса, менімен туыс, құрдасым Шүкірбек бауырымның да 5-атасы Сұңқар. Демек біз онымен бесінші буыннан қосылатын ағайынбыз. Қарапайым арифметика емес пе, екеумізге ортақ осы Сұңқар баба кейінгі ұрпақтарымыздың 7-аталарына айналған шаққа дейін олар өзара туысқан жандар болып қала бермек. Туыстық ара-жіктері 8-атаға өтерде ғана ажырайды. Қалабай баба Айтмахан ағамыз бен әкеміздің 3-атасы болса, ал менің 4-атам. Ендеше мен Айтмаханмен төртінші атадан қосылатын туыспын. Әлібек баба–Қылышбайдың да, менің де үшінші атамыз. Сондықтан біз 3-атадан қосылатын туысқанбыз. Ал мен Асанмен әкелеріміз біртуған ағайынды адамдар болғандықтан 2-атадан, Мыңжасардан қосыламын. Демек ол менің, жұрт аузында жиі айтылып жүретін екі туып, бір қалған жақын бауырым. Сонымен осы аталған ағайындар арасындағы қыз алыспас туыстық қатынастар қашан да болсын жаңағы біз айтып кеткен тәртіп бойынша есептеліп, шығарылады.
Жеті атаны тарқатып, санаудың көнеден келе жатқан бұдан басқа жолы жоқ. Осы ретте айта кететін тағы бір жайт – көп әулеттер ағайындық қарым-қатынастарын тек жеті атасымен ғана шектеп қоймайды. Ақсақалдары жиылып, арнайы шешім шығармайынша олардың туысқандық қатынастары жетеуден асып, әрі қарай оныншы, он екінші аталарға да ауысып, жалғаса беретіндігі бар. Бұл әулет адамдары арасында қалыптасып, кең таралған аса бір үлкен бауырмашылдық белгісі екендігі анық. Жаһан халықтары арасында түрлі әзіл-күлкілі әңгімелерге арқау болған, туысқанға ең бай халық қазақ екендігі де содан ба дейміз.
Құлаққағыс ете кететін тағы бір мәселе–жөн сұраса келгенде арамыз 2 ата немесе 3 ата, 4 ата деп емес, 2– немесе 3-, 4– атадан қосыламыз деп айту дұрыстау сияқты. Өйткені туыстық ара-қатынастарды түсіндіру үшін бұл жеңіл тәсіл. Сонымен жеті ата жөнінде айтқымыз келгені негізінен осылар. Кезек күттіріп тұрған өзге де тақырыптар бар болғандықтан осымен жеті ата жайлы әңгімемізді тамамдаймыз. Келесі тілге тиек етіп айтарымыз–қазақ атауы. Енді соған көшейік.
Қай ел, қай халықтың тарихы жайлы сөз қозғамайық, оның алтын қазық арқауы, аттап өтуге, айтпай кетуге болмайтын тақырыбы–қашанда қарға тамыр қазағымның осы «қазақ» деген атауы. Сондықтан біз де шежіремізді әрі қарай осы айтып отырған «қазақ» атауы тарихымен СКАЧАТЬ