Шежірем сыр шертсе. Тажис Мынжасар
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Шежірем сыр шертсе - Тажис Мынжасар страница 8

Название: Шежірем сыр шертсе

Автор: Тажис Мынжасар

Издательство: SelfPub.ru

Жанр: История

Серия:

isbn:

isbn:

СКАЧАТЬ десе, есі дұрыс па осының деп жатып ашуланар едік. Ал «Қазақ» та біздің есім, ныспымыз емес пе? Оны неге білмеуге тиіспіз?

      Сосын Елбасымыз 2012 жылдың желтоқсанында, сондай-ақ Қазақстан халқына жасаған сол жылғы жолдау сөздерінде еліміз даму бағдарламасы бойынша ендігі 2025 жылға дейінгі аралықта алдыңғы қатарлы өркениетті елдер тізімінде 50-ші орыннан 30-шы орынға дейін көтерілуі тиіс деп, «Қазақ елі» деп аталу мәселесін көтеріп отырған жағдайда, осыған орай егер бұйыртып «Қазақ елі» деп аталар болсақ, онда өркениетті еліміздің де, оны құрайтын титулды ұлт түлегі ретінде өзіміздің де неге «қазақ» аталып жүргендігіміздің қыр-сырын білу өзекті мәселеге айналары анық.

      «Қазақ» атауының шығу тегінен бейхабарлығымыз әсте де біздің білмейтін білімсіздігімізден емес. Қазақтың білімпаз, білгір, намысқой халық екендігі баршаға аян. Бұл жөнінде бізге ешкім пәлен деп кінә таға алмаса керек. Кезінде бабаларымыз қазақтар туралы білді де, көл-көсір шежіре етіп жазып та қалдырып кетті. Сол деректердің негізінде бұл тақырыпқа кейін қалам тартқан ғалым, зерттеушілеріміз де жоқ емес, бар. Бірақ, бірақ демекші, мәселе сол материалдар жөнінде күні бүгінге дейін ресми ақпарат беттерінде мардымды ештеңе жарыта жазылмай келе жатқандығында.

      Кезінде басқаша қимылдауымызға космополиттік ұлт саясатын ұстанған Кеңестік қызыл империя қолбайлау болып, кесірін тигізгені белгілі. Мұны жоққа шығара алмаймыз. Ол дініміз бен ділімізді ғана емес, тіліміз бен тегімізді де ұмытуға итермелегені рас. Себебі бұратана, аз жұрт өз ұлтынан гөрі космополиттік кеңес ұлтының күйін көбірек күйттеуге мүдделі еді. Өйткені ғалым, мамандарымыз күнде жүретін табан жолы мен күнде жейтін үзім нанын таппай қалмауы үшін өз ұлтының тарихын зерттеуден гөрі кеңес өкіметінің тарихын жазуға ұмтылды. Сондықтан Қазақ кім, оның қайдан шығып, қалай өрбитіндігі осы кезге дейін тарихымызда ғылыми тұрғыдан анықталып, арнайы рәсімделіп, бекітілмеген ақтаңғақ. Соның салдарынан болар, басым көпшілігіміз қазірге дейін қазақ сөзінің қайдан алынып, қалай шыққандығынан бейхабармыз.

      Бірақ бүгін өз қолымыз өз аузымызға жетіп отырған тәуелсіз мемлекетпіз. Онымызға да аттай 20 жылдан асып бара жатыр. Тау көтерген Толағайдай толып жатқан әлемге танымал ғалым, мамандарымыз да бар. Құдайға шүкір, жоғарыда айтып кеткендей, бұл туралы зерттеушілеріміз инемен құдық қазғандай еңбектеніп, бал арасындай тірнектеп жинап, қалдырып кеткен мәліметтер мен деректер де жоқ емес, сықырлаған көне сөрелерде шаң басып жатса да бар. Жақсылап іздесек ондай деректер табылары анық. Сондықтан тегіміздің тарихын түптұқианынан бүгініне дейін асықпай ақтарып, жазып шығуға енді шамамыз жетпейді емес, жетеді. Бұл туралы қазір білмесек, енді қашан білмекпіз, ендігі үндемегенімізге не жорық дейміз?

      Әлбетте, тарихымызды әріден, тереңінен зерттеп білер кезіміз жеткенімен мұны біз бір әулеттің шежіресімен айтып та, жазып та бітіре алмайтындығымыз айқын. Қазақтығымызға қатысты мәліметтерді отандық дерек көздерінен ғана СКАЧАТЬ