Қасымжанов Ағын. Өнегелі өмір. Ш. 32. Коллектив авторов
Чтение книги онлайн.

Читать онлайн книгу Қасымжанов Ағын. Өнегелі өмір. Ш. 32 - Коллектив авторов страница 15

СКАЧАТЬ атанып, даңққа бөленгенін айтатын болсақ, әл-Фараби жастайынан-ақ ұлы Аристотельдің, Платонның, ерте дүниедегі Грекияның басқа да философтарының шығармаларымен түпнұсқасынан танысқаны жөнінде бізде деректер бар.

      Білімге деген құштарлықтың жетелеуімен ол жас шағында, дүниедегі құбылыс біткеннің бәрі кісіге әрі ғажап, бәрі таңсық көрінетін кезде, саяхат жасап, сол замандағы мәдени әлемнің көптеген қалаларында болған. Ол өз өмірінің көбін араб халифатының саяси және мәдени орталығы болған Бағдадта өткізді. Мұнда ол білімін толықтырады, көрнекті ғалымдармен байланыс жасайды, сөйтіп өзінің білімдарлығы, ақылдылығы алғырлығы мен асқан байсалдылығының арқасында көп ұзамай олардың арасында үлкен абырой-беделге ие болады. Бірақ өресі тайыз кертартпа хадисшілер оны жек көріп, күндей бастаған, әсіресе олар әл-Фарабидің бүкіл ойының негізгі мәніне қарсы шыққан, өйткені оның дүниеге көзқарасы шынайы болмысты танып білуге, адам бақытын о дүниеден іздемей, осы дүниеден іздеп табуға мезгейтін еді. Ақыр соңында әл-Фараби лажсыздан Бағдадтан кетеді. Өзінің «Фусул әл-мәдани» («Мемлекет қайраткерінің нақыл сөздері») деген соңғы шығармасында: адам ғылымға түрліше тосқауыл жасайтын мемлекеттен кетіп, ғылымы өркен жайған елде тұруға тиіс дейді. Әл-Фараби александриялық (мысырлық) ғалымдар, яғни бір кезде Александриядан ығыстырылған несторшыл христиандар тұратын Хорранға келіп қоныс тебеді. Өмірінің соңғы жылдарын ол Алеппо мен Дамаскіде өткізеді, мұнда ол солтүстік Сирияның жетекші саяси қайраткері Сейф ад-Дуал Хамдяниге аса қадірлі болды. Әл-Фараби 950 жылы 80 жасында қайтыс болады.

      Әл-Фарабидің философиядағы рөлін ұмытушылық әрі оғаш, әрі тарихи әділетсіздік. Әл-Фарабидің мұрасын зерттеуге жол ашқан Дитерици еді. Осынау зерделі зерттеушінің бағала- уынша, әл-Фараби ғылымдағы ержүрек қаһармандар санатына қосылады, ол «соқыр сенім кесепатына қарсы, өзінің тарихын қанмен жазған, рухани бостандық пен гуманизмнің қасиетті заңдарын таптау үшін бар зұлымдығын жасап баққан баққұмар мансапқорлыққа қарсы» аянбай күресті17. Рухани өнер-білімді таратып, ілгері бастыру жолында, гуманизм мен адамгершілікті баянды ету жолында күрескен әл-Фараби бізге аса қадірлі.

      Әл-Фарабидің философиялық көзқарастары (кіріспе мақаладан үзінді). Әл-Фараби. Философиялық трактаттар. – Алматы: Ғылым, 1973 (Б.М. Кедров, Ш.Е. Есеновпен авторлық бірлікте жазылған).

      ФАРАБИ ЭТИКАСЫ ТУРАЛЫ БІРЕР СӨЗ

      Әл-Фарабидің этикалық ой-пікірлеріндегі негізгі мәселе – бұл адамның сұлулық пен бақытқа жету мәселесі, әлемдік бүтінмен бірге үйлесімділікте өмір сүре білу.

      Адам бақыты – абсолютті құндылық. Сол себептен ол барлық адамдар ұмтылатын шек болып табылады. Бірақ бақыттың мәнін ұғынушылық барлық халықтарда бірдей емес. Түрлі діндердің тіршілік кешуі осының куәсі бола алады. Әл-Фараби бақытты діни өсиеттерден жоғары қоя отырып, діни индифферентизмді жақтайды.

      Адамдар бақытты болуы үшін, нағыз бақыттың СКАЧАТЬ



<p>17</p>

Fr. Dieterici. Аlfагаbі’s рһіlosophische Abhandlungen. Leiden, 1892, s. ХLI.